«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЗАЛЫҚ ТҮКПІР-ТҮКПІРГЕ ЖЕТПЕЙ ТҰР…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Владимир БОТИКОВ,

зейнеткер.

 

Петропавл қаласында тұрып жатқаныма 51 жыл болды. Осы жылдар аралығында қаланың қоғамдық өмірінен тыс қалмадым. Қазір зейнеткерлік демалыстамын. Әрине, үйде отырудан жалыққан кезде далаға шығып серуендеймін. Үйім Ғ.Мүсірепов көшесінің бойында орналасқандықтан, жаяужолмен бірнеше мәрте жүремін. Міне, осы жаяужолдың тазаланғанын көрмеппін. Қысыжазы қоқыстан бір арылмайды. Көше тазалап жүргендерге айтсаң: “Бізге ондай тапсырма берілген жоқ”, – деп иықтарын қиқаң еткізеді. Ал облыстық перинаталдық орталықтың жанындағы аялдама маңы ойық-ойық. Жүкті әйелдер түгілі, өзгелер де сүрініп кете жаздайды.

 

Екінші көтергелі отырған мәселем, Театр көшесі бойында орналасқан шағын баққа қатысты. Сол шағын бақтың ортасында Настя Прокопичеваның ескерткіші орналасқан. Аты-жөні, кімге арналғаны жазылмаған ескерткіш еш күтімсіз қалды. Сол жердің тұрғындары да, қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі де қарамайды. Қыста қар басса, басқа мезгілдерде де күтім жасалмайды. Шағын бақта қаншама адам демалып, кешқұрым серуендейді. Сол себепті оның ішіндегі сәулеттік композицияның маңы таза болуы қажет.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp