«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ – “ДАМУДЫҢ” ДЕМЕУІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы солтүстікқазақстандық әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қолдау жасап отыр. Қордың “Бизнес- кеңесші” бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің жедел курстары ұйымдастырылып, екі күндік тренинг-оқытуларға өз іскерліктерін танытып жүрген кәсіпкерлер шақыртылуда. Бұл оқыту тегін жүргізіледі. Соңғы екі жылда аталмыш шара бойынша облыстың 1178 кәсіпкері дайындықтан өтті, оның 56 пайызы – нәзік жандар.

Бағдарлама бойынша орта және шағын кәсіпкерліктің топ-менеджментін Назарбаев Университетінде шетелдік мамандар үйретеді. Бизнес-мектепте кәсіпкерлікті жүргізудің жаңа жолдары мен тәсілдері қамтылады. Жобаға қатысушылар жол шығындары мен тұратын орындарын өздері төлейді. Ал оқыту республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Бүгінгі таңға дейін аталмыш бағдарлама бойынша облысымыздағы шағын және орта бизнестің 17 өкілі өздерінің біліктіліктерін шыңдаса, оның 71 пайызы – әйелдер.

Микрокредиттік бағдарламаның әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағыты бойынша өңіріміздің 38 әйел кәсіпкері 200 миллион теңгенің несиесіне қол жеткізген. Сондай-ақ “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша да зор көмек көрсетілуде. Мәселен, жеке кәсіпкер Жанар Қожантаева өз іскерлігін дамыту үшін екінші деңгейдегі банк арқылы несие алуды көздеген еді, бірақ қаржы институтына кепілдікке қоятын мүлкі жеткіліксіз болды. Оған “аталмыш бағдарлама” бағдарламасы негізінде кепілдік жасалды. Нәтижесінде жас кәсіпкер ісін әрі қарай дөңгелетіп әкетті. Сол сияқты “ViZaVi Company” ЖШС-нің басшысы Лейла Сайдашеваға да бағдарлама бойынша көмек көрсетілді.

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ

өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp