«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС ХАЛЫҚТЫ ТАБЫСТЫРҒАН Тарас Шевченкоға тағзым етілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында Петропавлдағы “Світанок” СҚО “Украин мәдениеті орталығы” қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының үйінде ұлы украин ақыны, жазушысы және суретшісі Тарас Шевченконы еске алуға арналған “Ұлы жыршы” деген шара өткізді.

Александр СЕМЕНЧУК,

“Світанок” СҚО “Украин мәдениеті орталығы” қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі.

“Ол Украинаның Қазақстандағы тұңғыш елшісі болып, екі халықты бауырластырды. Оның есімі бүгінгі күні де жадымызда. Ол саясаткер, ақын және суретші еді”, – деді салтанатты жиынды ашқан бірлестік төрағасының орынбасары Виктор Дубровин.

Одан соң Тарас Шевченконың “Өсиет” өлеңі украин тілінде оқылып, казактардың “Звонница” халық хоры ән шырқады. Хордың орындауында “Байбатшаға қызмет еттім”, “Қайран, жасыл дүние”, “Атты ерттеңдер, беу, жігіттер” сияқты әндер шырқалды.

 

Одан соң Петропавлдағы ұлттық өркендеу мектебінің украин тілінде оқитын шәкірттері сахнаға шықты. Лилия Пытьевадан дәріс алып жүрген оқушылар украин әндерін шырқап, билерін орындады. Олар осы арқылы туған тілі мен өнерін қаншалықты ардақ тұтатындарын айғақтады.

Бейнелеу өнері мұражайының директоры Ирина Паламарчук Тарас Шевченконың суретшілік өнері жайында әңгіме толғап, оның салған қылқалам туындыларын слайд арқылы көрсетті. Ұлы жыршы қазақ даласында айдауда болған он жылда аса көптеген суреттер салып, мейірбан да бауырмал халықтың тұрмыс-тіршілігін бейнеледі.

Салтанатты шараға жиналғандар оны ұйымдастырушыларға ризашылық білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp