«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚТЛ-дың БИЫЛҒЫ ТҮЛЕГІ Ахметжан Әскеров топ жарды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген оқушылардың зерттеу жұмыстарының ІІІ халықаралық конкурсына қазақтүрік мектеп-лицей-интернатының 11-сыныбының 7 оқушысы қатысты. Соның ішінде Ахметжан Әскеров І орынға ие болды.  

Конкурс дарынды балалардың математика, қолданбалы математика, экономика және механика салаларын зерттеуге деген қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін анықтау мақсатында өткізілді.



Ахметжан өз жобасында еліміздің тұрғындарының жақсы тұрмысының көрсеткішіне, оған әсер ететін факторларға зерттеу жасады. Тұрғындар тұрмысына түрлі факторлар кешені ықпал ететінін және оған әсер ету арқылы тұрмыс деңгейінің көтерілуіне қол жеткізуге болатынын дәлелдеді. Ол зерттеуді үш кезеңде жүргізді. Бірінші кезеңінде “жақсы тұрмыс” туралы түсінігі бар әртүрлі экономистердің пайымдарын қарастырды. Зерттеудің екінші кезеңінде соңғы бес жылдағы Қазақстан тұрғындарының тұрмысын сипаттайтын статистикалық жинақтар, көрсеткіштер динамикасының сараптамасын талдады. Үшінші кезеңде оң нәтижеге жету үшін Қазақстан тұрғындарының жақсы тұрмысының моделі әзірленді және орташа мерзімді болжау жасалды. Зерттеу жұмысында аналогиялық, тарихи, динамикалық, жүйелі, кешенді тәсілдер, сонымен қатар берілгендерге статистикалық зерделеу, әлеуметтік сауалнамалар, кері регрессивті сараптама әдісі қолданылды.
– Қазақстан тұрғындарының тұрмысын жақсартудың теориялық аспектілерін және берілген мәселені шешудегі сараптаманы зерделеу негізінде жақсы тұрмыс туралы түсінігім нақтыланды, қарастырылып отырған мәселенің ерекше тепе-теңдігін айқындайтын, тұрғындардың тұрмыс жағдайының өзгеруіне әсер ететін экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да факторлар дәлелденді, тұрмыс деңгейінің өсу динамикасының негізі анықталды. Тұрғындардың жан ба-сына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің өсуі, адамдардың нарықтық қатынасқа бейімделуі, шынайы табыстың төмендеуі, жұмыссыздықтың өсу көрсеткіштеріне қарай жақсы тұрмыстың моделі әзірленді. Зерттеудің қорытындысы мен тұжырымы елде болып жатқан және тұрғындардың жақсы тұрмысы мен өмірінің деңгейін анық-тайтын әлеуметтік-экономикалық үдеріс туралы экономикалық білімнің кеңеюіне мүмкіндік туғызады, – дейді жеңімпазымыз Ахметжан.
Ахметжан бұған дейін Мәскеуде “Компьютерлік физика” және Алматыда өткен республикалық ғылыми жобалар сайыстарына қатысқан болатын.
Ол: “Бірінші орын алу мен үшін оңай болған жоқ. Осындай дәрежеге жетуіме себепкер болған ұстаздарым Расул Ахметбеков пен Юлия Орловаға алғысым шексіз”, – дейді.
Осы жеңістің нәтижесінде Ахметжан Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, еліміздің кез келген жоғары оқу орнына грантпен түсу құқығына ие болды.
Бақыт РАМАЗАНОВ,
облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp