«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНДІРІСІ ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН “МҰНАЙМАШТА” жұмыс істеу – абырой

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Атқарушы механизмдер зауыты” негізінде құрылған “Мұнаймаш” АҚ өткен жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында тиімді жобаны жүзеге асырды. “Қазақстанның даму банкі” арқылы 1,5 млрд. теңгенің инвестициясына механикалық өңдеу цехы 12 дана американдық “HARDIMQE”, жапондық “Nakamura Tome”, бразилиялық “ROMI” қондырғыларымен толықты.


 

 

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш цехта жұмыс істейтіндердің саны жаңа қондырғыларға сұраныс артуына байланысты техника тілін жетік меңгерген жастармен толығыпты. Арасында қазақ жастары да бар. Солардың бірі – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің машина жасау факультетінің 2009 жылғы түлегі Руслан Болатбеков.

– Облысымыздағы ірі өндіріс орны – “Мұнаймаш” АҚ-да еңбек ете бастағаныма биыл үш жыл толады. Механикалық өңдеу цехына заманауи қондырғылар орнатылатын болғандықтан, жаңа станоктармен жұмыс істейтін мамандар өткен жылы Ресейдің Воронеж қаласында “Сольвер” компаниясында бір айлық курстан өттік. Онда жинаған тәжірибеміз заманауи қондырғыларда дүниежүзілік стандарттарға сәйкес сапалы өнім шығаруымызға мүмкіндік беріп отыр. Оның үстіне еңбек өнімділігі 2 есе артып, қазақстандық мазмұнда өнім шығару 70 пайызға көбейді, ал өнімнің өзіндік құны 20 пайызға азайды. Қазірдің өзінде 100 мың теңге көлемінде жалақы аламыз. Тапсырыс азаймаса болғаны. Мұнай-газ өндірісіне қажетті бұйымдар шығаруға өз үлесімізді қосып жүргеніміз – біз сияқты жастарға зор абырой, – дейді жаңғыртылған цехтың құрылымдаушы-бағдарламашысы Руслан Болатбеков.

СУРЕТТЕ: жас маман Р. Болатбеков.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp