«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

8 НАУРЫЗДА абоненттер 137 миллион минут сөйлескен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“КаР-Тел” компаниясы (“Beeline” бренді) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күні өз желісінің тиянақты жұмыс істегенін хабарлайды. Мереке күні соғылған қоңыраулар мен жолданған SMS және ММS-хабарламалар көлемі рекордты деңгейге жетті.  

8 наурыз күні “Beeline” абоненттері 63,99 млн. қоңырау соғып, 137 млн. минуттан астам уақыт хабар алмасты. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11% және әдеттегі күндік көрсеткіштен 40% жоғары. Қоңырау соғудың ең жоғары көрсеткіші – 5 231 721 күндізгі сағат 11-де орын алды.

SMS және MMS-хабарлама түріндегі құттықтаулар көлемі 12 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 2% жоғары және күнделікті жолданатын хабарламалар көлемінен 2,8 есеге артық. Ең қызығы, Халықаралық әйелдер күні жолданған SMS/MMS-хабарламалар көлемі жаңажылдық мерекедегі хабарламалар көлемінен айтарлықтай көп, атап айтқанда 11% артық.

“КаР-Тел” ЖШС PR менеджері Анар Жұмағұлова: “Әдетте біз мейрам күндерінің қорытындысы бойынша статистикалық көрсеткіштерді салыстырамыз. Айталық, әрбір хабарлама бір қағаз ашық хатты алмастыратын болса, “Beeline” абоненттері 8 наурызда 120 тонна қағазды үнемдеп, 6000 ағашты кесілуден сақтап қалды. Тағы бір қызық жағдай: SMS-мәтінінің жалпы ұзындығы Шекспирдің “Ромео және Джульетта” пьесасынан 19 есеге асып түсті”, – деп өз пікірімен бөлісті.

Қазақстанда 3G желісінің дамуы Интернет-құттықтаулар, негізінен әлеуметтік желілердегі құттықтаулар көлемінің артуына мүмкіндік туғызып отыр. 2012 жылмен салыстырғанда мейрам күні мобильді Интернет-трафик көлемі 2,3 есеге артты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp