«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.03.2013

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰМЫТПАЙ, ұлықтауымыз керек

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең-жырлары, ұлттық ойындары – ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.   Этнопедагогика пәнінің мектеп, жоғары оқу орнына енгізілуі де әбден дұрыс. Себебі, этномәдениет дегеніміз – ұлттық мәдениет. Өскелең ұрпаққа ұлттық мәдениетті қалай танытып үйретудеміз? Кімнен, неден үйренудеміз? Ұлттық …

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰМЫТПАЙ, ұлықтауымыз керек Read More »

МЕКТЕПТІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

Солтүстік Қазақстан облыстық білім бақылау департаментінің басшылығымен Аққайың ауданындағы Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде аттестаттау шарасы өтті.   Комиссия мүшелері мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережелеріне сәйкес ұжымның педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысып, мектептің материалдық-техникалық базасын тексерді. Оқу корпустарының, зертханалардың, сыныптардың, оқу-тәжірибелік шеберханалардың, спорт алаңдары мен ойын бөлмелерінің, әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерінің (медициналық пункт, асхана), кітапханалардың, компьютерлік …

МЕКТЕПТІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ Read More »

БҮГІНГІ БАЛАЛАР БИІККЕ ҰМТЫЛАР

“Күннен де білім жарық” болған мына заман – оқығаны мен тоқығаны мол адамның дәуірі. Ертеде үлкендер зерек баланы “басы жарық” деуші еді. Оның күні ертең ілім-білімді тез үйренетін бала болатындығын білгендіктен солай атаған болар.   Мен – бастауыш сыныптың мұғалімімін. Әліппенің бетін жаңа ашқан балаға 37 дыбыс пен 42 әріпті үйретуден басталған сабақтарым алдымда отырған …

БҮГІНГІ БАЛАЛАР БИІККЕ ҰМТЫЛАР Read More »

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚҰШТАРЛЫҚ балалар үйірмелерінен басталмай ма?

Соңғы жылдары техникалық мамандықтарды игерген жастардың қарасы аз деп шулап жүргеніміз шындық. Ал олардың ерте жастан аталмыш салаға құштарлығын оятатын техникалық үйірмелердің жұмысын жандандыруға келгенде қаржының жоқтығын айтып, ақталамыз. Қарама-қайшылық. Елімізде балаларды қосымша біліммен қамту 21 пайыздай. Бұл өзге елдермен салыстырғанда төмен. Себебі, әлемдік көрсеткіш 30-50%-ды құрайтын көрінеді. Осы орайда 2020 жылға қарай қосымша білім …

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚҰШТАРЛЫҚ балалар үйірмелерінен басталмай ма? Read More »

АҚЫЛ-КЕҢЕСІ – ТЕМІРҚАЗЫҒЫМЫЗ

Ұрпақтың білуге, үйренуге деген қызығушылығын ояту әр кезде ұстаздарға жүктелері сөзсіз. Олар алтын ұя – мектептің жаны да, ары да екенінде дау жоқ. Сондай ардақты жандардың бірі, жоғары сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берген, сынып жетекшіміз, бүгінгі күні Дәуқара орта мектебінің директоры – Алданыш Нүрпейісов. Алданыш Нұрахметұлы менің және басқа да сыныптастарымның қоғамда …

АҚЫЛ-КЕҢЕСІ – ТЕМІРҚАЗЫҒЫМЫЗ Read More »

АРМАНЫМ – ЕЛ АЗАМАТЫ БОЛУ

“Ауылыңның жастарын көрсетші, болашағыңды болжайын” деген екен бір ғұлама. Қазіргі ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы, жанашыры және иесі. Олардың әлем көшінен қалмай білімді де, қабілетті болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Елбасы “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласында да, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында да …

АРМАНЫМ – ЕЛ АЗАМАТЫ БОЛУ Read More »

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙІП, ағаштан ою оюшыларды тәрбиелейді

Петропавлдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға мамандандырылған №2 коррекциялық мектеп-интернат 1977 жылы құрылған. Бүгінгі күні білім ошағы көпбейінді мектеп-интернат мәртебесін алған. Мектеп-интернат тәрбиеленушілерді үш жылдан бері жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша инклюзивтік білім беретін эксперименттік алаң ретінде оқытуда. Ондағы мемлекеттің алдына қойып отырған мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларға тиісінше жағдай жасап, олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, қоғамда …

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙІП, ағаштан ою оюшыларды тәрбиелейді Read More »

“ДЖИППЕН” ЖОЛАУШЫ ТАСЫП ЖҮР

Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс орталығында “Джип” маркалы таксилер пайда болды. Төбесінде апельсин түстес шашкасы бар “Джипті” көрген кезде “Мәссаған, қымбат көлікпен жолаушы тасып жүр ғой!” – деп таңданыспен қарайтынымыз рас. Өйткені, біздің түсінігімізде мұндай элиталық көліктерді тек “байлар” ғана мінеді. Сол кезде санамызға ең бірінші келетін сұрақ: “Не үшін таксиші болып шығып жүр екен?

ҚАЛА ҚАЗЫНАСЫН ТОЛЫҚТЫРА ТҮСКЕН қалалық салық басқармасының жұмысы жайлы

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында салықтың негізгі экономикалық тетіктердің бірі болып табылатыны анық. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық салалары салықтан түсетін бюджет қаржысы арқылы қаржыландырылады. Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші десек, ол алдымен түсетін салық көлеміне байланысты. Бүгінгі күн талабына сай, салық саясаты елдегі ішкі өсімді ынталандыруы және сыртқы нарықтарға отандық экспортты, ал жекелеген азаматтар деңгейінде олардың …

ҚАЛА ҚАЗЫНАСЫН ТОЛЫҚТЫРА ТҮСКЕН қалалық салық басқармасының жұмысы жайлы Read More »

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС – айрықша назарда

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде Үкімет отырысы өтті. Онда кәсіпкерлікті дамыту және кедендік әкімшілдендіруді жетілдіру мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Үкімет отырысында ҚР өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев кәсіпкерлікті дамытудың барысына тоқталып, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасына оңтайландыру бойынша өзгерістер енгізу жоспарланып отырғандығын баяндады. Оның айтуынша, елімізде …

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС – айрықша назарда Read More »

ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ мен ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНІҢ ХАТЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Лондон Олимпиадасы ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен хат келді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Хатта Тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысының спортты қолдауға бағытталған саясатының арқасында Қазақстан табысты спорт державасына айналғаны атап өтілген. Оған Лондон Олимпиадасының нәтижесі айқын дәлел, онда еліміз жалпыкомандалық есеп бойынша сенімді түрде 12-орынды иеленді.

ӨНДІРІСІ ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН “МҰНАЙМАШТА” жұмыс істеу – абырой

“Атқарушы механизмдер зауыты” негізінде құрылған “Мұнаймаш” АҚ өткен жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында тиімді жобаны жүзеге асырды. “Қазақстанның даму банкі” арқылы 1,5 млрд. теңгенің инвестициясына механикалық өңдеу цехы 12 дана американдық “HARDIMQE”, жапондық “Nakamura Tome”, бразилиялық “ROMI” қондырғыларымен толықты.

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ – “ДАМУДЫҢ” ДЕМЕУІ

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы солтүстікқазақстандық әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қолдау жасап отыр. Қордың “Бизнес- кеңесші” бағдарламасы бойынша кәсіпкерліктің жедел курстары ұйымдастырылып, екі күндік тренинг-оқытуларға өз іскерліктерін танытып жүрген кәсіпкерлер шақыртылуда. Бұл оқыту тегін жүргізіледі. Соңғы екі жылда аталмыш шара бойынша облыстың 1178 кәсіпкері дайындықтан өтті, оның 56 пайызы – нәзік жандар. Бағдарлама бойынша …

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ – “ДАМУДЫҢ” ДЕМЕУІ Read More »

“ЖАҢА БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ” – студенттерге арналған шара

“Даму” қорының кәсіпкерлікті қолдау орталығы оқу орындарын аяқтағалы отырған студенттермен және оқушылармен “Бизнесін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау” тақырыбында семинар-кездесулер ұйымдастыра бастады. Сондай шараның бірі гуманитарлық-техникалық колледжде өтті. Оған “Атамекен” Одағы” ұлттық экономикалық палатасының өкілдері де қатысты. Шара барысында “Бизнестің жол картасы – 2020” және “Даму” қорының бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау тетіктері айтылып, “Атамекен” …

“ЖАҢА БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ” – студенттерге арналған шара Read More »

ҚТЛ-дың БИЫЛҒЫ ТҮЛЕГІ Ахметжан Әскеров топ жарды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген оқушылардың зерттеу жұмыстарының ІІІ халықаралық конкурсына қазақтүрік мектеп-лицей-интернатының 11-сыныбының 7 оқушысы қатысты. Соның ішінде Ахметжан Әскеров І орынға ие болды.   Конкурс дарынды балалардың математика, қолданбалы математика, экономика және механика салаларын зерттеуге деген қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін анықтау мақсатында өткізілді.

АНА ТІЛІН АРДАҚТАҒАН ҰСТАЗ

Елбасының “…Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80% дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95% құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100% мемлекеттік тілді біліп шығатын болады”, – деген тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің алдына қойылып …

АНА ТІЛІН АРДАҚТАҒАН ҰСТАЗ Read More »

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – мұғалімге қойылатын басты талап

Жақында “Парасат” мектеп-лицейінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Алма Мырзалинова “Құзыретті педагогика – XXI ғасыр педагогикасы” тақырыбында семинар- кеңес өткізді.  Семинарда XXI ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түбегейлі өзгерту кезек күттірмес мәселеге айналып отырғандығы айтылды. Бүгінде ұстаздарға қойылып отырған басты талап – білім беру үдерісіндегі соңғы жаңалықтарды қалай меңгеру керектігіне баса назар …

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – мұғалімге қойылатын басты талап Read More »

ОҚУШЫЛАР БАСТЫ ҚҰЖАТТАН ХАБАРДАР

Жуырда 10-сынып оқушыларымен өткізілген “Егемен елімнің ертеңі” тақырыбындағы “дөңгелек үстел” барысында өскелең ұрпақ “Қазақстан – 2050” Стратегиясын қызу талқылады.   Оқушыларды, әсіресе, білім саласындағы жоспарлар қызықтырды. Жолдаудағы “Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек” деген сөздерді балалар терең ұғынғанға ұқсайды. Олар, әсіресе, білім берудің онлайн жүйелерін дамыту керектігін толықтай құптайтындықтарын …

ОҚУШЫЛАР БАСТЫ ҚҰЖАТТАН ХАБАРДАР Read More »

Спартакиада сайыстары

Облыста мектеп және колледж оқушылары арасындағы ҚР спартакиадасы жалғасуда. Үш топқа іріктелген 12 құрама команда шағын футбол сынында шебер атануға тырысты. Сайыстың қорытынды кезеңінде СҚО мен Астана қаласының құрамалары кездесті. Былтырғы ел спартакиадасының чемпионы болған алаң иелері 3:2 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Сөйтіп алғашқы финалист анықталды.