«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – мұғалімге қойылатын басты талап

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында “Парасат” мектеп-лицейінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Алма Мырзалинова “Құзыретті педагогика – XXI ғасыр педагогикасы” тақырыбында семинар- кеңес өткізді.
 Семинарда XXI ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түбегейлі өзгерту кезек күттірмес мәселеге айналып отырғандығы айтылды. Бүгінде ұстаздарға қойылып отырған басты талап – білім беру үдерісіндегі соңғы жаңалықтарды қалай меңгеру керектігіне баса назар аударылды. Өйткені, қазіргі кезеңдегі ақпараттардың толассыз ағыны оқушыларға ауыр соғатыны анық. Сондықтан да педагогтердің қазіргі таңдағы басты міндеті білімді үйіп-төгіп беру емес, берген білімді оқушылардың өз бетінше тиімді игеру үшін қажет жолдармен, құралдармен қамтамасыз ету болып табылады.
Ол үшін қандай жұмыс жүргізген тиімді екенін Алма Жәкімқызы заманауи сабақтың маңыздылығын аша отырып, ұстаздардан тест алу, түрлі тренингтер өткізу, өмірлік тәжірибеден мысалдар келтіру арқылы іс жүзінде көрсетті. Осындай тәлімі мол, берері көп шараның әрбір ұстазға, әсіресе, жас мамандарға тағылымы зор болды.
Әрбір оқушыны жеке тұлға деп қарасақ, оны әрі қарай дамыту – ұстаздың міндеті. Бұл – бүгінгі өмір талабы. Ендеше облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының білікті де тәжірибелі, жоғары деңгейлі оқытушыларымен байланыс орнатудың ұстазға да, оқушыға да берер пайдасы зор. Алдағы уақытта бұл жұмыс өзінің жалғасын таппақ. Себебі, ұстаздарға біліктілік тәжірибелерді қолдана білу қашан да керек.
Бақыт АЛДАБЕРГЕНЕВА,
“Парасат” мектеп-лицейінің
химия пәнінің мұғалімі.
Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp