«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАЗАҚСТАН – 2050” СТРАТЕГИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Татьяна ЛЕБЕДЕВА,

СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік

орталығының директоры.

Астана қаласында өткен “Қазақстан – 2050” Стратегиясы” деген тақырыптағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция мемлекеттік қызмет саласында ғылыми зерттеулерді дамыту және кадрлар даярлауды жетілдіру мәселелерін талқылауға арналды.

Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғ.Әбдірахымов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Бәйменов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.Әбдірәсілов, Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі М.Оруханов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының “Әлеуметтік саясат” кафедрасының профессоры Л.Асылбекова қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің өкілдері, Өңірлік оқыту орталықтарының директорлары, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Пленарлық отырыста “Мемлекеттік қызмет туралы” заңда, мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасында және заңға тәуелді актілерде айқындалған түбегейлі жаңалықтар туралы байыпты әңгіме өрбіді.

 

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланған секция отырыстарына Солтүстік Қазақстан облысының да өкілдері қатысты. Мен өз хабарламамда мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру саласындағы өңірлік оқыту орталықтарының алатын орны мен рөліне талдау жасап, мемлекеттік қызметшілерді оқытудағы жіктеу мен құзыреттілік әдістің маңызы жайлы сөз қозғадым. Сондай-ақ талдау бөлімінде құрылған өңірлік оқыту орталығының жұмысына да тоқталдым. Оқыту үдерісі кезінде мемлекеттік қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету оның негізгі міндетіне жататын болғандықтан, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әрекеттері саласындағы құзыреттіліктерін арттыруға ықпал ететін мансаптық бағытын, қарамағындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерін, басшы ретіндегі мемлекеттік қызметшілердің беделін зерттеу, кеңес беру және тиісінше ұсынымдар жасау, тағы басқа үшін мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық кәсіби психологиялық бейінін құру және диагностикалау жүргізіледі.

Конференцияда мемлекеттік қызметтің оқытуға арналған ең өзекті тақырыптары бойынша шеберлік сыныптарының тұсаукесерлері өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысы өңірлік оқыту орталығының оқытушысы Л. Губареваның шеберлік сыныбы “Мемлекеттік қызметтің беделі мен әдебі” тақырыбына арналды. Аталмыш тұсаукесерде оқытушының мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтің психологиялық мәселелері аспектілерін оқыту кезіндегі жеке өзінің тәжірибесі көрініс тапты. Онда түрлі санаттағы тыңдаушыларды психологиялық диагностикалау нәтижелері көрсетіліп, осызаманғы оқыту әдістемесі тұрғысынан тақырыптарды зерттеудің ерекше талдау тәсілдері жүзеге асырылды, тыңдаушыларды оқыту тиімділігін арттыру және белсенділікке ынталандыруға арналған авторлық әдіс-тәсілдер пайдаланылды.

Автор мемлекеттік қызметшілердің әдеп құндылықтарын қалыптастыруда “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің” маңыздылығына зор назар аударды.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелерін талқылау үдерісі кезінде алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру және оларды шешу жолында нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігіне конференция тыңдаушылары ерекше назар аударды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp