«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КӨКТЕМ – 2013” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ су тасқынының алдын алуға арналды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың басшылығымен “Көктемдегі су тасқынының қолайсыз кезінде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу” тақырыбында “Көктем – 2013” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Оған Астана қаласындағы штаб арқылы басшылық жасалды.  

Қызылжар өңіріндегі оқу-жаттығуға облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы Владимир Балахонцев басшылық етті. Аталмыш шараға облыстық жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарма, төтенше жағдайлар жөніндегі департамент, барлық деңгейдегі әкімдіктер, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері, аумақтық органдардың құрылымдары қатысты.

 

Оқу-жаттығу қарсаңында “СолҚазЭнерго АКК” ЖШС аумағында облыстық шұғыл әрекет ету отряды сап түзеді, “Жылы арнада” суда құтқару қызметі “Мұзда зардап шеккендерге моторлы қайықпен көмек көрсету” тақырыбында арнайы тактикалық жаттығу өткізді.

№3 қалалық аурухана аумағында “Денсаулық сақтау нысанында өрт сөндіру” тақырыбы бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды, су тасқынының алдын алуға байланысты Қызылжар өңірінде атқарылып жатқан шаралар тексерілді.

Облыстық құрылымдардың көктемдегі су тасқынының қолайсыз кезінде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және басқа шұғыл жұмыстар жүргізу әзірлігіне оқу-жаттығу қорытындысы бойынша баға берілді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp