«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМІР ЖОЛДАҒЫ АПАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыздың 12-сі күні кешкілік Ақжар ауданында Дәуіт пен Талшық стансаларының аралығында 6 вагон астық тиеген локомотив пен дрезина соқтығысты. Орын алған апаттың нәтижесінде дрезинаны басқарған 57 және 49 жастағы машинистер алған жарақаттан көз жұмды. Апат қауіпсіздік шарасының бұзылуы мен машинистердің салғырттығынан болған, яғни дрезинаны басқарған екі азамат Дәуіт стансасындағы кезекшімен алдын ала хабарласпастан темір жолға шығып, “Кішкенекөл-Талшық” бағытында келе жатқан локомотивпен соқтығысқан.  

Темір жол төсеміне зақым келмеген, төтенше оқиға басқа пойыздардың қозғалысын шектеген жоқ.

Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтауда.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

СУРЕТТЕ: Дәуіт стансасында орын алған темір жол апатының зардабы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp