«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЧИНГ КУО ВУ ІІ ДӘРЕЖЕЛІ “ДОСТЫҚ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Чинг Куо Вуды ІІ дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады. Бұл туралы Астанадағы баспасөз мәслихатында Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай мәлім етті.

“АИБА” президентіне марапатты ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов табыс етті. Бұдан бөлек, Чинг Куо Ву Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевпен де жүздесті”, – деді Ю. Цхай. Оның сөзіне қарағанда, мәртебелі мейманмен жүздесу барысында екі спорт ұйымының ынтымақтастығына арналған өзекті мәселелер талқыланған. “Оның ішінде Алматы қаласында бокстан әлем чемпионатын өткізу жөніндегі мәселеге де назар аударылды”, – дейді Ю. Цхай.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp