Петропавлда оқыс оқиға орын алды. Үй ауласында ойнап жүрген бала шатырдан құлап түскен мұздан зардап шекті.
Оқиға Ғ.Мүсірепов көшесі бойындағы 9-шы үйдің ауласында орын алған. Шатыр шетіндегі еріген мұз 7 жастағы баланың үстіне құлаған. Бірінші сынып оқушысы тез арада облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, оның ми жарақатын алғаны белгілі болды. Бұдан басқа жоғары жақ сүйегі зақымданып, қан кеткен. Бала екі күн бойы ауыр халде жатыр. Осы факт бойынша тергеу-жедел тобы материал жинастырды.
Оқыс оқиғаға орай полицейлер пәтер иелері кооперативтері қызметкерлерінен шатырлардағы мұз бен қарды тазалау жұмысын ширатуды өтінеді. Ал ересектер болса, балаларды үй маңында ойнауға жібермеулері керек.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.