«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІҢ АШЫҚТЫҚ ИНДЕКСІ” жобасын жүзеге асыру – өмір талабы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының” директоры, облыстық мәслихаттың сарапшысы Сергей Худяковтың жетекшілігімен “2012 жылғы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі” республикалық жобасын талқылауға арналған “дөңгелек үстел” өтті. Оған “Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы” ҚБ директоры Әсел Қырықбаева, “Намыс” жоғары білімді мүгедектер қоғамы” ҚБ төрағасы Қайрат Иманалиев, “Десента” ҚҚ өкілі Сергей Гуляев, экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы басқармаларының мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.

Сергей Худяков Қазақстанның ұлттық бюджет желісі мен үкіметтік емес ұйымдар арасында “Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі” республикалық жобасын жүзеге асыруға байланысты өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын айтып, бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараның мақсатына тоқталды.

 

“Құқықтық және экономикалық реформаларды қолдау орталығы” ҚБ директоры Әсел Қырықбаева 2012 жылғы бюджеттің ашықтық индексіне жүргізілген зерттеудің қорытындысы жайында, ал “Намыс” жоғары білімді мүгедектер қоғамы” ҚБ төрағасы Қайрат Иманалиев 2013 жылғы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексіне жүргізілетін зерттеу жоспары жайлы сөз қозғады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Наталья Зверева, облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Ғазиза Мұхамедиева жылдық жоспар жасау және оларды нақтылау кездерінде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есепті кездесулерінде айтылған өтініш-тілектердің ең өзектілері ескеріліп, бюджетке енгізілетіндігін атап айтты. Оны басқармалардың веб-сайттарынан анық байқауға болады.

“Дөңгелек үстелге” қатысушылар жобаны жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алмасу мен жергілікті бюджеттердің ашықтығын қамтамасыз ету, бюджет қалыптастыруға жергілікті деңгейде жұртшылықты тарту әлі де өз деңгейінде жүргізілмейтіндігін, “Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі” республикалық жобасы осы олқылықтардың орнын толтыруға арналып отырғандығын сөз етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp