«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ДАМУ” БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫ ДЕМЕМЕКШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму” қорының кәсіпкерлікті қолдау орталығы “Жас Отан” жастар қанатымен семинар-кездесу өткізді. Оған Петропавл қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің белсенді студенттері мен оқушылары қатысты.

Семинар-кездесуде шәкірттер мен кәсіпкерлігін жаңа бастаған жастарға арналған “Бизнестің жол картасы – 2020” және “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның басқа бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдау тетіктері әңгіме болды.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығының консультанттары кәсібін жаңада ғана бастаған бизнес өкілдеріне, сол сияқты кәсіпкерлерге көрсетілетін әртүрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау тетіктері жайлы айтып, қойылған сауалдарға жауап берді.
Кездесу барысында “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұса Танақұлов пен жастар арасында өзара ынтымақтастық және кәсіпкерлікті бірлесе жүргізу туралы келісілді.
(Өз тілшімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp