«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақпанда туған жан едім…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Кәрібай МҰСЫРМАН.

 

Ақпанда туған жан едім –

Қақаған қыстың күнінде.

Аппақ қар – туған әлемім,

Ызғары менің үнімде…

 

Ақ боран – менің мінезім,

Ашумен кімді сынамас?!

Ақ бұлтым жауып Күн көзін,

Ол дағы кейде ұнамас…

 


 

Ақтүтек сосын басылар,

Аспанның бұлты азайып.

Күн нұры көктен шашылар,

Қан сонар туар ғажайып.

Қыстың да жетер қызығы,

Қадірін ұға білгенге.

…Басылмай бойдың қызуы,

Не жетсін аңда жүргенге?!.

Аязда жаурап тоңғанмен,

Ұнатпай қысты, егеспе.

…Бұл маусым қатал болғанмен,

Бәрінен таза емес пе?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp