Кәрібай МҰСЫРМАН.
Қалықтай ұшып қонатын шыңға
Қанатын бермей қыранның,
Қор болып, жаны толатын мұңға
Мен дағы, бәлкім, жыланмын…
Өрмелеп келем бір шыңға мен де,
Өзімді өзім сүйреумен.
Аяңдап жүрмін құлшынғанмен де,
Аса алмай жылан-иреңнен…
Ей, Жылан-мұңдас, жолсызда сені
Досымдай көрем қалаған.
Қайтесің шағып? Онсыз да мені
Сұм Иттер қан ғып талаған…