«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүрегіме

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Кәрібай МҰСЫРМАН.

 

Өткенді неге жоқтайсың,

Өксітіп жанды, жылатып?

Дүрсілдеп, бірақ, соқпайсың,

Ғашық боп, ессіз ұнатып…

Әуреге мені салыпсың,

Алдамшы, арсыз жанға ұқсап.

Әлсіреп мүлдем қалыпсың,

Білтесі біткен шамға ұқсап…

 


 

Ақылды таптап аяққа,

Жеңдірдің мені сезімге.

Бастайсың мені қай жаққа,

Билеген бойды кезіңде?

Сүйдім де күйдім күл болып,

Сұм жүрек, саған ерем деп.

Сезімге көзсіз құл болып,

Кетіппін мүлдем тереңдеп…

Өткенді неге жоқтайсың,

Қинайсың неге жанымды?..

Сұм жүрек, қашан тоқтайсың,

Өлтіріп сайтан-тәнімді?..

Не айтам бір күн Тәңірім

Тартқанда мені жауапқа?..

…Сұм жүрек, сенің әмірің

Күнә ма, әлде сауап па?..

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp