«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІЛЕР мен ТАПҚЫРЛАР тақырыпты әр саладан қозғады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйгерім ҚОЖАХМЕТОВА,

Қожаберген жырау атындағы

№6 орта мектептің мұғалімі.

Уақыт озған сайын “Жайдарман” көңілділер мен тапқырлар сайысын тамашалайтындардың қатары қалыңдап, ойыншылардың шеберліктері шыңдала түсуде. Олар егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, халқымыздың рухани және мәдени топтасуы мен ұрпақтар сабақтастығын ұштастыруды, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат етіп, таңдап алған тақырыптарында әзіл-сықақпен қоғамымызда өткір тұрған мәселелерге назар аударуға тырысады. Сондай-ақ бұл сайыстың жастарды мәдениеттілікке баулуда, зияткерлік деңгейін көтеруде, өздерінің өмірлік ұстанымдарын айқындап, қоғамның дамуына үлес қосуға әрекеттендіруде маңызы зор.

“Жайдарман” – бүгінгі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, жұртшылықтың үлкен ықыласына бөленіп жүрген жоба. Бұл ойын мектеп оқушыларын да қызықтырады. Жақында қалалық білім беру мекемелері арасында КТК сайысы өтті. Оған біздің мектебімізден “ЖасStar” мен “Күлкі шпиондары” атты екі топ қатысып, екеуі де жартылай финалға жолдама алды.

“ЖасStar” тобы биылғы жылдың қаңтар айында Астана қаласында өткен IX республикалық “Маусымашар” фестиваліне қатысқан болатын. Астананың Жастар сарайында бес күн жалғасқан бұл фестивальда біздің команданың көрсеткен ойыны өте жоғары бағаланды. Содан кейін олар Өскемен қаласында өтетін республикалық мектепаралық КТК ойындарына қатысуға жолдама алды. Бұл ойыннан да біздің көңілділер мен тапқырлар үлкен жеңіспен оралады деген үміттеміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp