«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мен де бір көбелек ем…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

 

Кәрібай МҰСЫРМАН.

 

Сен ауылдың аруы ең еліктейін

Көздерің мөлдіреген.

Кеш түскенде мен қалай желікпейін –

Қайтсем де көргім келген.

Кешкілікте үйіңнен шыға алмасаң,

Салушы ең қайғы маған.

Сені аңсаған жанымды ұға алмасаң,

Мені аяп, Ай жылаған…

 


 

Торуылдап жүруші ем қара түнде,

Үйіңнің қасында мен.

Терезеңе сығалап қарағым кеп,

Талай рет асылған ем…

Түссем дағы махаббат әуресіне,

Еріксіз көне бергем…

…Терезеңнің ұмтылған сәулесіне,

Мен де бір көбелек ем…

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp