Алдын ала деректер бойынша 2013 жылғы 1 қаңтарға облыс тұрғындарының саны 579,6 мың адамды құрады, оның ішінде 239,2 мың адам (41,3%) – қалалық, 340,4 мың адам (58,7%) ауылдық жерлерде тұрады.
2012 жылы халықтың табиғи өсімі байқалып отыр, яғни өлгендер санынан туғандар саны басым. Халықтың табиғи өсімі 973 адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе өскен.
2012 жылы 8681 жаңа туған сәби тіркелген. Туғандардың 4456-сы – ұл бала және 4225-і – қыз балалар. Барлық туғандардың 3386 (39%) – Петропавл қаласында туғандар.
Облыс бойынша туудың ең жоғары көрсеткіші Уәлиханов (1000 адамға шаққанда 19,1 сәбиден), Ақжар (18,8) ауданына және Петропавл қаласына (16,5) келеді. Туудың ең төмен көрсеткіштері Мағжан Жұмабаев (1000 адамға шаққанда 10,3 сәбиден) және Тимирязев (11,9) аудандарында.
Өлгендер саны 2011 жылғымен салыстырғанда 5% қысқарған.
2012 жылы 4813 неке тіркелген немесе 1000 адамға шаққанда 8,3 келеді. 2011 жылмен салыстырғанда 3,3% кем тіркелген.
2012 жылы 2024 неке бұзылған, ол алдыңғы жылғы көрсеткіштен 7,8% жоғары. Ажырасқан жұптардың 57,8%-ы – қалаларда тұратындар. Ауылдық жердегі отбасылар орнықтылау келеді.