«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЫҢ ӘР КҮНІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кардиологиялық орталықтың дәрігері Болат Жүнісов дәрігер болуды бала кезінен армандаған. 1976 жылы Алматы қаласындағы медициналық институтты тамамдаған соң Петропавл қаласына кардиолог дәрігер болып оралды.  

Анна КУЧЕРЕНКО,

зейнеткер.

 

Болат Жүнісұлы – Мәскеу қаласында білікті мамандардан 2 жылдық клиникалық ординатураны өткен өңіріміздегі жалғыз кардиолог дәрігер. Бүкілодақтық ғылыми кардиологиялық орталықта танымал академик Чазовтың қарамағында кардиостимуляцияның тәсілін меңгеріп шықты. Ең бастысы – ұзақ жылдар қатарынан жерлестеріміздің игілігіне жұмсалған білімін шыңдап, тәжірибе жинақтады.

 

2-ші қалалық аурухананың негізінде кардиореанимациялық бөлім ашылғаннан бері Болат Жүнісов осында тапжылмастан қызмет етіп келеді. Аталмыш бөлімнің құрылғанына 25 жыл толды. Ширек ғасыр ішінде бөлімнің небәрі 7-і төсегінде көптеген ауыр науқастар өмірге қайта оралды.

Жүрек ауруы… Бұл дертті адам қалай жеңе алады? Оны емдеудің көптеген тәсілдері мен дәрі-дәрмектер бар. Бірақ жүрек талмасымен ауруханаға түскен науқастың жүрегінің қағысын қалпына келтіруде дәрігердің ептілігі керек-ақ. Жоғары санатты дәрігер Болат Жүнісов – науқастың жүрегі қайта соғуы үшін барын салатын білікті маман. Жан сақтау бөліміне түскен адам ауыр халде болатындығы белгілі. Өмір мен өлімнің арасында жатқан адамның жүрегін қайта соқтыру үшін үлкен жауапкершілік қажет.

…Кезекті науқас өмірге қайта оралды. Демек, ол – Болат Жүнісов – дәрігерлік мамандықты дұрыс таңдаған. Науқастың жүрегі қайта соғуы үшін дәрігер жанын салады бір бөлігін қияды. Мұны жанқиярлық демей, не дейсіз?!

“Рахмет Сізге, дәрігер!” деген жылы ілтипатты ол науқастарынан жиі естиді. Оның науқастарының арасында оған бір емес, бірнеше рет көмек сұрап келгендері де бар. Созылмалы дерттері асқынған науқастардың денсаулықтарын қайта қалпына келтіруге әбден машықтанған дәрігер бүгіндері қазіргі заман талаптарына сай қолданатын ем түрлерін де меңгеріп алған. Кардиологиялық орталық ашылғаннан бастап, оның жұмысының әлемдік талаптарға сай болуы үшін де аянбай тер төгіп келеді. Мұнда қолданылатын жоғары мамандандырылған ем тәсілдерін де бес саусағындай жатқа біледі. Ол үшін ол Алматы қаласына барып, бірнеше рет біліктілігін жетілдіріп келген.

Болат Жүнісовтің әр күні ерлікке тең. Ол сол үшін де өзін бақытты адам санайды.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp