«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың оқу орындарында педагог жұмыскерлердің басым бөлігін әйелдер құрайды.

Жалпы білім беру мектептерінде оқитын оқушы қыздардың саны ер балалардан 4,6%-ға кем болып, 36514 адамды құрады.

Мектептердегі оқытушы әйелдердің саны ер мұғалімдерден 3,9 есе артық.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарындағы студент қыздардың саны 46,3%-ды немесе 7470 адамды құрады.

2012 жылы облыстағы колледждерге 5350 студент қабылданды, олардың 46,4%-ын әйелдер құрады. Колледждерді бітірген студенттердің жалпы санынан 2227 оқушы немесе 43,6%-ы – әйелдер.

Техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдардағы педагогикалық білім беретін жұмыскерлер құрамының 63,4%-ын әйелдер құрайды.

Облыстағы жоғары білім беру мекемелеріндегі барлық оқу түрлері бойынша оқитындардан 3805 адамды әйел оқушылар құрады немесе жалпы студенттер санының 53,0%, сырттай оқитын әйелдердің ең жоғары үлес салмағы – 63,9%, 1430 әйел.

2011 жылы облыстағы жоғары оқу орындарына 1364 адам қабылданды, олардың 52,5%-ын әйелдер құрады. Жалпы студенттер санынан жоғары оқу орнын бітіргендердің 2190-ы – әйелдер немесе 57%.

ЖОО-ның оқытушы профессорлық персоналының негізгі құрамының үштен екі бөлігін әйелдер – 463 адам құрайды, олардан 24,4%-ында ғылым кандидаты немесе докторлық дәрежесі, 8,2%-ында доцент немесе профессор ғылыми атағы бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp