«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылжар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Кәрібай МҰСЫРМАН.

 

Бейне бір қызыл жалын –

Есілдің қызыл жарын

Белгі ғып ат алыпсың,

Беу, менің Қызылжарым!

Тұрсың сен ел шетінде,

Бір салқын жел өтінде –

Қазақтың қаны сіңген,

Киелі жер бетінде.

 

Өзенің ғашық әлі,

Өзіңе асығады –

Еркелеп Есіл сұлу,

Мойныңа асылады.

Мейманың тамсанып тұр:

Қақпаңда жар салып бір,

Мәңгі жас Мағжан ақын

Жырымен қарсы алып тұр!

Нұр шашып тағы да Ай, Күн,

Жанып тұр бағың айқын.

Қызылжар – хан ордасы –

Ақ үйі Абылайдың!

Қызылжар

Бейне бір қызыл жалын –

Есілдің қызыл жарын

Белгі ғып ат алыпсың,

Беу, менің Қызылжарым!

Тұрсың сен ел шетінде,

Бір салқын жел өтінде –

Қазақтың қаны сіңген,

Киелі жер бетінде.

Өзенің ғашық әлі,

Өзіңе асығады –

Еркелеп Есіл сұлу,

Мойныңа асылады.

Мейманың тамсанып тұр:

Қақпаңда жар салып бір,

Мәңгі жас Мағжан ақын

Жырымен қарсы алып тұр!

Нұр шашып тағы да Ай, Күн,

Жанып тұр бағың айқын.

Қызылжар – хан ордасы –

Ақ үйі Абылайдың!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp