«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰТҚАРУШЫЛАР СПАРТАКИАДАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс орталығында Қазақстан Республикасы ТЖМ V қысқы спартакиадасы өткізілді. Онда құтқарушылар 66 медаль мен 9 кубокты сарапқа салды.

Спартакиаданың алғашқы кезеңі ақпан айында өтіп, Қазақстанның 4 өңірінен үздік құтқарушылар іріктелген болатын. Сөйтіп, жарыстың екінші кезеңіне қатысуға Астана қаласының, Оңтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының департаменттері жолдама алды. Өкінішке қарай, іріктеу кезеңінен өңір құрамасы өте алмады.

Сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде қатысушыларды сайыстың бас төрешісі Николай Микин, Төтенше жағдай департаментінің ардагері Сейітжан Мұқышев құттықтап, бәсекелі додада жеңіс тіледі.

Екі күн бойы спортшылар шаңғы, шахмат, волейбол және үстел теннисінен мықтыларды анықтады.

Жалпы ұпай саны бойынша департаменттер қызметкерлері арасында ұйымдастырылған спартакиадада Шығыс Қазақстанның құрамасы топ жарды. Екінші орын – Астана қаласының құтқарушыларына, ал үшінші орын оңтүстікқазақстандықтарға бұйырды.

СУРЕТТЕ: спартакиада жеңімпаздары.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp