«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-АҚПАНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ және …

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 1%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,5%-ға, бөлшек сауда 19,9%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың өндірістік кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 21,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 61,7% алатын өңдеу өнеркәсібінде 14,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,8%-ға артық болды.

2012 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда азық-түлік өндірісінің өсімі 6,7%-ға өсті. Өңделген сұйық сүт және кілегей өндіру 63,5%-ға, ет және азықтық ет өнімдері – 61,9%-ға, үй құсының еті 33,8%-ға, жаңа піскен нан өндірісі 2,7%-ға артқан.

 

Металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 3 есеге, жиһаз – 2,8 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдар – 2,4 есеге, химиялық өнімдер өндірісі 2,1 есеге артқан. Асүй жиһаздарын өндіру – 4,2 есеге, тауарлық бетон – 2,7 есеге, ерлердің жұмыс киімі – 2,2 есеге, лактар мен бояулар – 75%-ға, мұнай өндіру жабдықтарын өндіру 66,5%-ға өсті.

2013 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 8,7 млрд. теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға 16 мың тоннасы өткізілген (4,3%-ға артық), 30,5 мың тонна сиыр сүті сауылған (6,6%-ға), 53 млн. дана (9,8%-ға) тауық жұмыртқалары алынған.

Барлық меншік түрінің құрылыс-монтаждық ұйымдарының өз күшімен 790 млн. теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды (2012 жылғы қаңтар-ақпандағыдан 2,2 есе артық). 2013 жылғы қаңтар-ақпанда жаңа 19 ғимараттың құрылысы аяқталды, олардан 15-і тұрғын, 4-і тұрғын емес мақсаттағы.

2013 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестиция көзінің 88,1%-ы шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаты болып табылады, қарыз қаражатына – 2,7%, бюджеттік қаражатқа 9,2% келеді. Негізгі капиталға инвестиция салу бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 58,9%), өнеркәсіп (17%), көлік және қоймалау (9,7%), ақпарат және байланыс (4%) басымдық танытты.

Тұрғын үй құрылысына 85,4 млн. теңге жұмсалды (2012 жылғы қаңтар-ақпандағыдан 2,2 есе артық). Облыс аумағында тұрғындар мен кәсіпорындар жалпы көлемі 1753 шаршы метр тұрғын үй салды (2012 жылғы қаңтар-ақпандағыдан 101,9% артық).

2013 жылғы қаңтар-ақпандағы тасымалдаушылардың барлық санаттары 7,2 млн. тонна жүк және 78,7 млн. жолаушы тасымалдады.

2013 жылғы қаңтар-ақпандағы бөлшек сауда көлемі 13,3 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 19,9%-ға өсті, көтерме сауда – 39,1 млрд. теңгені құрады (32,1%-ға). Талданып отырған кезеңде қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 273,1 млн. теңгені (0,2% артық) құрады.

 

 

… ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ

ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы қаңтарда бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 69 446 теңгені құрады.

2013 жылғы 1 ақпанға облыс тұрғындарының саны 579,4 мың адамды құрады, соның ішінде 239,4 мың адам (41,3%) – қалалық жерде, 340 мың адам (58,7%) ауылдық жерде тұрады. Облыс аумағында ел тұрғындарының 3,4%-ы тұрады.

2013 жылғы қаңтарда жаңа туған 748 сәби тіркеліп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегіден 6%-ға артық болды, 730 шетінеу (8%-ға), 223 некелесу, 168 ажырасу тіркелді.

2013 жылғы қаңтарда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтармен салыстырғанда 8,5%-ға өсіп, 69 446 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 8,6%-ға және 69 044 теңгеге сәйкесінше. Нақты жалақы сәйкесінше 1,3% және 1,4%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтарда 460,7 АҚШ долларын немесе 346,7 еуроны құрады.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы жұмыскерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы қаңтарға қарағанда 15,6%-ға, өнеркәсіпте – 20,1%-ға, құрылыста – 21,9%-ға, көлік және қоймалау – 12%-ға, ақпарат және байланыста 60,5%-ға өсті.

Өнеркәсіпте жалақы 66 588 теңгені құрады, құрылыста – 62 682 теңге, саудада – 62 430 теңге, көлік және қоймалауда – 101 696 теңге.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркеуде тұрған азаматтар саны 2013 жылғы ақпан айының соңына 1629 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5%-ды құрады. 2013 жылы қаңтар-ақпанда 1208 адам еңбекпен қамтылды, ол өтініш білдіргендердің 78,7%-ы.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы ақпанда 15 367 теңгені құрады және өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 9 220 теңгені құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,3%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына – 0,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 0,4%-ға, ақылы қызметтерге 2,8%-ға өсті.

2013 жылғы ақпанда бағалардың картопқа – 3,1%-ға, шайға – 2,4%-ға, балық және теңіз өнімдеріне – 1,9%-ға, жас көкөніс-жемістерге – 1,7%-ға, нанға – 1,6%-ға, кондитер өнімдеріне – 1,5%-ға, макарон өнімдеріне – 1,4%-ға, өсім-дік майына – 0,8%-ға, сүт өнімдеріне 0,2%-ға көтерілгені байқалған. Қарақұмық жармасы 2,9%-ға арзандады.

Бағалар киімге және аяқкиімге – 0,3%-ға өсті, қатты отынға – 0,2%-ға, үй тұрмысына қажетті заттарға, тұрмыстық аспаптарға – 0,1%-ға, жеке бас күтіміне арналған тауарларға 0,4%-ға өсті.

Баға деңгейі байланыс қызметтеріне – 10,9%ға, амбулаторлық қызметтерге – 7,2%-ға, мектепке дейінгі және бастапқы білім беру қызметтеріне 3%-ға өсті. Көлік қызметтері 1,7%-ға арзандады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp