«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.03.2013

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” ОЛИМПИАДАСЫНДА облыстық кезең жеңімпаздары анықталды

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернат-лицейінде жалпы білім беретін оқу орындарының қазақ және өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілінде өтетін республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Оған 111 үміткер қатысты.   Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “KATEV” халықаралық қоғамдық қоры және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бұл шара облыстық деңгейде төртінші рет …

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” ОЛИМПИАДАСЫНДА облыстық кезең жеңімпаздары анықталды Read More »

МІНДЕТ – АЙҚЫН, МАҚСАТ – ЗОР уәлихановтықтар одан аянып қалмайды

 Біздің мемлекетімізді жаһандық саясатта таныту үшін жасалып келген және алдағы уақытта іске асырылуы қажет барлық іс-шаралар “Қазақстан – 2050” Стратегиясында дәйекті түрде көрсетілген. Аудандық мәслихаттың депутаттары мен аппараты Президент Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдады, әрбір депутат өз сайлау округтерінде оны талқылауға арналған жиналыстарға қатысты. Халықтың көңілінен шыққан бұл Жолдау бойынша жоспарлы іс-шаралар бекітіліп, нақты тапсырмалар берілді. …

МІНДЕТ – АЙҚЫН, МАҚСАТ – ЗОР уәлихановтықтар одан аянып қалмайды Read More »

ІНДЕТ КЕМІП КЕЛЕДІ

Туберкулез – қоғамның әлеуметтік мәселесі. Елімізде бұл індетпен күрес қарқынды жүргізіліп келеді. 1998 жылдан бері Елбасының Жарлығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған бағдарлама іске асырылуда.     Светлана ХАРЛАМОВА, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің сәулелі диагностика бөлімшесінің меңгерушісі.   Жыл сайын облысымызда 350-400-ден астам адам рентгендік диагностикадан өтеді. Өткен жылы жасы15-тен асқан тұрғындардың 399,9 мыңы тексеріліп, …

ІНДЕТ КЕМІП КЕЛЕДІ Read More »

ОНЫҢ ӘР КҮНІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ

Кардиологиялық орталықтың дәрігері Болат Жүнісов дәрігер болуды бала кезінен армандаған. 1976 жылы Алматы қаласындағы медициналық институтты тамамдаған соң Петропавл қаласына кардиолог дәрігер болып оралды.   Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер.   Болат Жүнісұлы – Мәскеу қаласында білікті мамандардан 2 жылдық клиникалық ординатураны өткен өңіріміздегі жалғыз кардиолог дәрігер. Бүкілодақтық ғылыми кардиологиялық орталықта танымал академик Чазовтың қарамағында кардиостимуляцияның тәсілін …

ОНЫҢ ӘР КҮНІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ Read More »

ҚҰТЫРМА АДАМ ӨМІРІ ҮШІН ҚАУІПТІ

  Қазіргі таңда құтырма дерті – кеңінен етек жайып келе жатқан ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенер болсақ, адам өліміне себепші құтырма ауруы жұқпалы аурулардың ішінде 10-шы орында тұр. Жыл сайын әлемде бұл аурудан 55 мың адам қайтыс болады.   Ғалия ЖАМАНКИНА, №2 қалалық емхананың саламатты өмір салты бөлмесінің дәрігері.   Аталмыш ауру жайында …

ҚҰТЫРМА АДАМ ӨМІРІ ҮШІН ҚАУІПТІ Read More »

“ХАЛЫҚТЫҚ IPO” АКЦИОНЕРЛЕРГЕ АЛҒАШҚЫ ПАЙДАСЫН ӘКЕЛУДЕ

Қазақстандағы “Халықтық IPO” бағдарламасы табысты басталды. Бұған бағдарлама аясында Қазақстан қор биржасына бірінші болып қадам басқан “ҚазТрансОйл” АҚ (ҚТО) акцияларын сатып алғандар санының көптігі, акциялар бағасының өскені және айтарлықтай дивидендтерге иек артып отырған ҚТО-ның 2012 жылғы оң қаржылық нәтижесі дәлел бола алады.  

БАЛА ҰРЛАҒАНДАР аттестаттаудан өте алмаған полицейлер болып шықты

13 наурызда Петропавлда белгісіз біреулер ұрлап әкеткен “Дарын” мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Сергей Семенченя дін-аман үйіне оралды. Облыс тарихында бұрын-соңды болмаған мұндай қылмысты жасағандар өткен жылы аттестаттаудан өте алмаған полицейлер болып шықты. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”.   Аты-шулы оқиғаға байланысты өткен брифингте кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы мен облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы жағдайдың қалай болғанын …

БАЛА ҰРЛАҒАНДАР аттестаттаудан өте алмаған полицейлер болып шықты Read More »

ЖИҺАЗЫ САПАЛЫ ДА СӘНДІ кәсіпорын 90 кісіні жұмыспен қамтып отыр

Отандық өндірістің дамуына елеулі үлес қосып, бүгінгі заман ағымына сай тауар шығару үдерісін қалыптастырған салалардың бірі – жиһаз жасау кәсіпкерлігі. Бәсекелестігі нық бұл саланың өндірушілерге қояр талабы зор. Өңірімізде осы бағытта басымдық танытып жүрген бірнеше кәсіпорын болса, солардың бірі – “Промстроймебель” ЖШС-і. Аталмыш өндіріс орны – өзінің тауарлық белгісін қалыптастырған кәсіпорын. Ал оның басшысы Мұрат …

ЖИҺАЗЫ САПАЛЫ ДА СӘНДІ кәсіпорын 90 кісіні жұмыспен қамтып отыр Read More »

ӨЗІҢДІ және ӨЗГЕНІ ӨЛТІРУ — ЕҢ АУЫР КҮНӘ

Аян АЛЫПҚАШЕВ, “Қызылжар” мешітінің наиб имамы.   Қазіргі қоғамда көптеген адамдардың әлеуметтік жағдайдың қиындығына төтеп бере алмай, өзіне-өзі қол жұмсап жатқанын көріп отырмыз. Өзін-өзі өлтіру адамның өзін өмірінен айыруы ғана емес, ол осы арқылы басқаларға жаман үлгі көрсетеді, туған-туысқандарын қасіретке ұшыратады, барлық жамандық осыда. Өз жанын өзі қиғаны үшін сол адам о дүниеде тозақ отына …

ӨЗІҢДІ және ӨЗГЕНІ ӨЛТІРУ — ЕҢ АУЫР КҮНӘ Read More »

ИСЛАМ ҚАНДАЙ ДІН?

Қадырбек ШӘРІПҰЛЫ, “Қызылжар” мешітінің наиб имамы. Ислам (араб: إسلام) – әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. “Ислам” “сәләм” деген түбірден туындаған. Мағынасы: “бейбітшілік”, “тыныштық”, “амандық”, “татулық”, “мойынсыну” “бағыну” (Алланың заңдарына) болып табылады. Ал шариғат терминологиясында “ислам” – толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа Құдайларға табынбау болып есептеледі. …

ИСЛАМ ҚАНДАЙ ДІН? Read More »

Қара бие

  Кәрібай МҰСЫРМАН.      Ауыл неге түседі жиі есіме? Мазалаған жанымды киесі ме?.. Анам жайлы ойласам, көз алдыма Оралады үйімнің биесі де. Қара бие балаған қара нарға, Еркелеуші ед кекілін тарағанда. Ұқсайтын ед елікке құлынында Екі көзі жаудырап қарағанда.  

ЖАЛҒЫЗТАУ БОЛЫП ҚАЛАЙЫҚ!..

  Кәрібай МҰСЫРМАН.   (Байқал ініме) Ауылда өстік көкжиегінде мұнартып, Жалғызтау тұрған қол бұлғап. …Қамсақты сұлу әлдебір оған, кінә артып, Ағады жылап, солқылдап… Суреттен осы табиғат салған сыр ұғып, Өстік қой, сірә, ақын боп. Жалғызтау шығар дарытқан бізге ірілік, Жанымызға тым жақын боп.  

Жылан жылы

  Кәрібай МҰСЫРМАН.   Қалықтай ұшып қонатын шыңға Қанатын бермей қыранның, Қор болып, жаны толатын мұңға Мен дағы, бәлкім, жыланмын… Өрмелеп келем бір шыңға мен де, Өзімді өзім сүйреумен. Аяңдап жүрмін құлшынғанмен де, Аса алмай жылан-иреңнен… Ей, Жылан-мұңдас, жолсызда сені Досымдай көрем қалаған. Қайтесің шағып? Онсыз да мені Сұм Иттер қан ғып талаған…

Жүрегіме

  Кәрібай МҰСЫРМАН.   Өткенді неге жоқтайсың, Өксітіп жанды, жылатып? Дүрсілдеп, бірақ, соқпайсың, Ғашық боп, ессіз ұнатып… Әуреге мені салыпсың, Алдамшы, арсыз жанға ұқсап. Әлсіреп мүлдем қалыпсың, Білтесі біткен шамға ұқсап…  

БАЖАЛАРFА

  Кәрібай МҰСЫРМАН.   (Сәкен, Жасұлан, Тұрғын және Игібайдың рухына) Сағынып, еске аламын, бажаларым, Мен үшін періштедей тазаларым! Тірлікте қанша мәрте бас сүзісіп, Қалжыңдап, өздеріңді қажаладым?! Ғұмырдың бірге көктем, жазын кешіп, Жүруші ек жарасып-ақ, әзілдесіп. Бауырдай бірге туған болдың бәрің, Ауырсақ: “Аунап тұр тез, жазыл!” – десіп.   Содан соң кетуші едік жазылып-ақ, Бергендей бажалардың …

БАЖАЛАРFА Read More »

Мен де бір көбелек ем…

    Кәрібай МҰСЫРМАН.   Сен ауылдың аруы ең еліктейін Көздерің мөлдіреген. Кеш түскенде мен қалай желікпейін – Қайтсем де көргім келген. Кешкілікте үйіңнен шыға алмасаң, Салушы ең қайғы маған. Сені аңсаған жанымды ұға алмасаң, Мені аяп, Ай жылаған…  

Ақпанда туған жан едім…

  Кәрібай МҰСЫРМАН.   Ақпанда туған жан едім – Қақаған қыстың күнінде. Аппақ қар – туған әлемім, Ызғары менің үнімде…   Ақ боран – менің мінезім, Ашумен кімді сынамас?! Ақ бұлтым жауып Күн көзін, Ол дағы кейде ұнамас…  

Қызылжар

  Кәрібай МҰСЫРМАН.   Бейне бір қызыл жалын – Есілдің қызыл жарын Белгі ғып ат алыпсың, Беу, менің Қызылжарым! Тұрсың сен ел шетінде, Бір салқын жел өтінде – Қазақтың қаны сіңген, Киелі жер бетінде.