«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖАҢЫЛЫСПАСА ЕКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Дін істері жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен “Діни экстремизм мен терроризм: психологиялық және теологиялық жолдары” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Оған құқық қорғау органдары мен прокуратура өкілдері, діни бірлестіктердің жетекшілері, жастар ұйымдарының белсенділері мен колледж оқушылары қатысты.  

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш шара барысында жас буынды экстремизм мен терроризмнен қорғаудың түрлі бағыттары қарастырылды. Дін істері жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы Әбу-Бәкір Кәрменовтің айтуынша, бүгінгі жастар ауыр кезеңде өмір сүруде, олардың арасында теріс діни ағымдарға түскендері баршылық. Дәстүрлі дін өкілдері жастарды осындай замандастарының қатарына қосылмауға шақырды. Сондай-ақ “дөңгелек үстел” басында белсенді ұлқыздар “Діни экстремизм мен терроризмге жол бермейік!” деп ұран тастады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp