«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ тағы бір мәрте пысықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте өткен кеңесте өңір басшысы Самат Ескендіров су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстың жай-жапсарын тағы бір мәрте пысықтады.  

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Облыс әкімінің орынбасары Владимир Балохонцев хабарлағандай, су тасқынының алдын алу жөнінде жұмыс жоспары жасалған. Бүгінгі күнге дейін аталмыш мәселеге орай Петропавл қаласы және аудан әкімдерінің қатысуымен 4 кеңес өтіп, тапсырмалар берілген. Қардың еруі жөнінен болжам жасалуда. Соның негізінде Сергеевка (54%), Петропавл (92%), Сілеті (48%) және Шағалалы (61%) су қоймаларында су шамадан тыс асады деп болжануда. Тасқын қауіп төндіретін елді мекендерге қажетті дәрі-дәрмектер мен азық-түлік қоры жеткізілген. Оларда тұратын сырқат адамдар мен өздігінен жүріп тұра алмайтын адамдардың тізімі жасалған. Медициналық қызмет су тасқыны астында қалуы мүмкін барлық ауылдарды бақылауға алған. Облыста 3 мыңнан астам адам құтқарушылық қызметте кезекшілік атқаратын болады.

Облыс әкімі Самат Ескендіров Петропавл қаласы және барлық аудан әкімдеріне демалыс, мереке күндеріне қарамастан, бұл мәселе бойынша жедел әрекет етуді тапсырды. Сонымен бірге қарды сыртқа шығару, сенбіліктер өткізу жұмыстарын жандандыру жүктелді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp