«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алдын ала деректерге қарағанда, 2012 жылы барлық ағымдар бойынша жағымсыз көші-қон айырымы кеміп, 4935 адамды құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 20,7% кеміді.

Облыста ішкі және сыртқы көші-қон айырымы әлі де теріс мәнді. Облыстың Қызылжар ауданы және Петропавл қаласынан басқа барлық өңірлерінде көшіп келушілер санынан кетушілер саны басым.

ТМД елдерінің ішінде барынша қарқынды көші-қон алмасуы Ресей Федерациясымен (барлық кеткендердің 95,8%) болуда, тек 4,2% ТМД басқа елдері мен Ресейдің үлесіне имигранттардың 65%-ы келеді. Барлық көшіп келгендердің ішінде барынша жоғары үлес салмағын Тәжікстан және Өзбекстаннан келгендер құрайды – сәйкесінше11,6% және 10,6%.

Әлемнің басқа елдерімен көші-қон айырымы, негізінен, Германия есебінен жағымсыз болып қалыптасты.

Жағымсыз айырымға қарамастан, Қазақстанның басқа өңірлеріне көші-қон кеміді. 2012 жылы 5697 адам қоныс аударған, ол 2011 жылғыдан 9,2% кем.

Негізгі қоныс аудару өңірлері – Ақмола облысына келеді (2535 адам немесе 44,5%) және Астана қаласына (1390 адам немесе 24,4%). Сондай-ақ облысқа көшіп келушілер де Ақмола облысынан (844 адам немесе 31,8%) және Астана қаласынан (411 немесе 15,5%).

Облыс ішіндегі көші-қон процесінде Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласында көші-қон айырымы жағымды болып қалыптасты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp