Наурыз мейрамы қарсаңында әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері облыс орталығындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа барып, қайырымдылық шарасын өткізді.
Әзірбайжан этномәдени бірлестігі жыл сайын Шығыстың Жаңа жылында және осындай атаулы мерекелерде қайырымдылық акциясын өткізеді. Мектеп-интернаттағы 2-ші отбасының балаларына сыйлықтарын тарту етеді. Бұл жолы олар балаларға кілем мен тәтті тағамдар әкелді. Қайырымдылық шарасы басталмас бұрын қонақтар балаларды Наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілектерін жолдады. Ал мереке күндері ілтипатсыз қалмайтын балалар өз ризашылықтарын білдіріп, өнерлерін ортаға салды.
(Өз тілшімізден).