«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРДІҢ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстағы аң аулау алабы 12,3%-ға ұлғайды.

Аң аулау шаруашылықтарына 5524 мың га. алап бекітілген, ол 2011 жылғыдан 12,3%-ға артық.

Ауа райының қолайлы жағдайы және жемшөптің жеткілікті болуы облыс аумағындағы жабайы аңдар мен құстардың санының артуына жағымды әсерін тигізді.

1 қаңтарға тұяқты жануарлар түрінің 6,3 мың басы және қанатты құстар түрінің 383,2 мың басы тіркелді. Олардың ішінде 6,0 мыңнан астам елік және 0,2 мыңнан астам доңыз есепке алынса, 3,3 мыңға жуық бөдене, 6,5 мыңға жуық құр, 62,4 мыңға жуық қасқалдақ, 26,3 мыңнан артық қаз, 26,7 мыңға жуық балшықшы, 4,7 мың шіл және 253,3 мың жабайы үйрек есепке алынды.

8,5 мың бас қасқалдақ, 4,7 мың қаз, 51,8 мың бастан артық жабайы үйрек ауланды.

Өткен жылы аң аулаудың 69 тәртібі бұзылған, 466,0 мың теңге сомасында айыппұл және 1 624,5 мың теңге талап-арыз өндіріліп алынды. 59 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp