«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.03.2013

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ӘЗІРЛЕГЕН мерекелік көріністі асыға күтудеміз

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері жыл сайын Наурызды халықтың алдында қарсы алады. Биыл да өнер иелері орталық алаңға шығып, Ұлыстың ұлы күнін сахна төрінде атап өтеді.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Театрдың көркемдік жетекшісі Болат Әбдірахмановтың айтуынша, биылғы сахналық көрініс Қызыр атаның батасымен бастау алады. Наурыз мерекесі қазақта осы кейіпкермен астасады. 22 …

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ ӘЗІРЛЕГЕН мерекелік көріністі асыға күтудеміз Read More »

АҚШ-та ДА АТАП ӨТІЛЕДІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білікті де білімді жастардан кадрлар даярлау үшін “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындағаны мәлім. Содан бергі уақыт ішінде мыңдаған жас өркениетті елдерде білім алып, бүгінде Отанымыздағы іргелі мекемелерде абыройлы қызмет атқарып жүр. Төрткіл дүниенің атақты оқу орындарына жолдама алған қазақстандық жастар соңғы жылдары тек қана білім алып қоймай, …

АҚШ-та ДА АТАП ӨТІЛЕДІ Read More »

АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АУКЦИОН “Мәмбетов және К” серіктестігінде өтті

Сейсенбі күні облыстық “Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту” бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатқан Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі былтыр туған “Абердин-Ангус” асылтұқымды бұқаларын сату бойынша Қызылжар өңірінде алғашқы аукцион өткізді. Бәсеке саудасына 30 бас ірі қара шығарылды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.   Озат серіктестік репродуктор- шаруашылыққа айналды “Мәмбетов және К” КС осыдан …

АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АУКЦИОН “Мәмбетов және К” серіктестігінде өтті Read More »

“ҚАЗАГРОДА” ҚАРЖЫ МОЛ, тек оған қол жеткізу жолдарын білу керек

Облыс әкімдігінің үлкен залында “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ-ы арқылы агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті.   Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Кеңесті ашқан облыс әкімі Самат Ескендіров “ҚазАгро” акционерлік қоғамының агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) басым бағыттары – астық сатып алу, мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру, холдингтің ағымдық бағдарламалары аясында, …

“ҚАЗАГРОДА” ҚАРЖЫ МОЛ, тек оған қол жеткізу жолдарын білу керек Read More »

Жергілікті жолдарды жөндеуге – 5 МИЛЛИАРД 95 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Бұл бұрын-соңды бөлінбеген қомақты қаржы

Бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың XIII сессиясы өтіп, онда 2013-2015 жылдарға арналған облыс бюджеті талқыланды. Бұдан басқа жиырма мәселе қаралды. Оған өңір басшысы Самат Ескендіров, Петропавл қаласының және аудандардың әкімдері, барлық деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары, ведомстволардың басшылары қатысты. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Кәсіптік білім мен кадрларды кәсіптік даярлау жағдайы туралы облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов баяндама жасады. …

Жергілікті жолдарды жөндеуге – 5 МИЛЛИАРД 95 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Бұл бұрын-соңды бөлінбеген қомақты қаржы Read More »

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!

Ұлы мереке – Наурыз мейрамы құтты болсын!   Сан ғасырлардан бері заманалар мен ұрпақтардың үзілмес жалғастығын сіңірген ежелгі мереке бұл. Шығыста ол көктемгі күн мен түннің теңелуінің, жаңарудың және тіршілік атаулының оянуының белгісі болып саналады. Наурыз мейрамы Тәуелсіздік жылдарында ұлттық ерекшеліктеріне және діни нанымдарына қарамастан, бүкіл қазақстандықтарға бірдей қымбат шынайы жалпыхалықтық мерекеге айналды. Бұл – …

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар! Read More »

Бұл мейрамның қалай тойланғанын қалайсыз?

Күн мен түн теңелетін, табиғат ана тамылжып, қыс бойы қар құрсауында болған тіршілік оянатын, жер мен көк жаңаратын мезгіл – әз-Наурызға да келіп жеттік. Дегенмен, осы бір қадірі мен қасиеті мол ұлттық мейрамымызды өз деңгейінде атап өтіп жүрміз бе? Осыған орай облыс жастары арасында “Наурыз мерекесі қалай тойланғанын қалайсыздар?” деген сауалнама жүргізуді ұйғардық.   Назым …

Бұл мейрамның қалай тойланғанын қалайсыз? Read More »

ЖYЗДЕРI – БОЛЕК , ЖYРЕКТЕРI – БIР

Халқымыздың 43 пайызы ауыл тұрғындары болса, олардың елдігімізге қосып отырған үлесінің қомақты екендігі сөзсіз. Сондықтан іргесі сөгілмей отырған ауыл-аймақтарды көргенде көңілің өсіп сала беретіні бар. Осындай елді мекеннің қатарына Аққайың ауданындағы Полтавка ауылын жатқызуымызға болады.   Бұл елді мекеннің іргетасы сонау ХІХ ғасырдың соңында қаланған. Осы жерге бұдан 120 жыл бұрын Украинадан бірнеше отбасы келіп …

ЖYЗДЕРI – БОЛЕК , ЖYРЕКТЕРI – БIР Read More »

ӘДЕПТІЛІК – ӘДЕМІЛІК

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ.   Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам – отырған адамға, атты адам – жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс. Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс. Мешітке, үйге “Ассалаумағаләйкүм!” деп кіру керек, кешке “Кеш жарық!” деп кірген абзал. Үйге кісі келсе, орныңнан тұрып, жайдары қарсы ал, киімін …

ӘДЕПТІЛІК – ӘДЕМІЛІК Read More »

АFЫЛШЫНША YЙРЕНЕМIЗ!

Құрметті оқырман! Газетіміздің “Балалар әлемі” бетінде “Ағылшынша үйренеміз!” атты көңілді сабақ айдарын балалардың өздігінен оқып үйренулері мақсатында жүргізіп келеміз. Бұл сабақтар жеткіншектердің күнделікті қолданыста пайдаланып жүрген сөздер жиынтығынан тұрып, қабылдауларына жеңіл. Соңғы үлгідегі оқулықты (“Ең кішкентайларға арналған ағылшын тілі”, кітаптың авторы – Г. П. Шалаева) негізге ала отырып, жаңа сөздерді біркелкі тақырыптарға топтастырып бермекпіз. Қазақшасы …

АFЫЛШЫНША YЙРЕНЕМIЗ! Read More »

ТАС ҚАЛА

Асық ойынының бір түрі – “Тас қала” деп аталады. Ойынға қатысушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Содан соң асық тігілген жерден ойынға қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін …

ТАС ҚАЛА Read More »

ҚЫЗ КӨКТЕМ

Редакциямызға хат келіп түсті. Хаттың авторы – Динара Бекішева. Ол Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 2-сынып оқушысы екен. Жастайынан сурет салуды ұнататын кішкентай қыз болашақта танымал әрі жақсы адам болуды қалайды. Сондықтан да Динара салған суреттерінде үнемі күннің көзін бейнелеп, адамдардың барлығы күндей жарқырап жүрсе деген тілегін білдіреді. Бұл жолғы суретінде де Күндей …

ҚЫЗ КӨКТЕМ Read More »

НАУРЫЗ

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ.   Сен ортақ дастарқансың бәрімізге, Татырған сары уыздың нәрін бізге. Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз, Жарылқар берекеміз сары күзде.

ҒАЛАМШАРЛАР ШЕРУІ

Шыңғысхан СЕРҒАЗИНОВ,   №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 2-сынып оқушысы. Ерте, ерте, ертеде үлкен, әдемі, ғажайып, керемет “Сәбилер әлемі” аталатын қала болыпты. Сол қалада көптеген ақылды, сауатты, білгіш, өнерпаз, еңбексүйгіш, адамгершілігі көп, бір-біріне көмектесуге дайын балалар тұрыпты. Олар суықтан, аяздан, ыстықтан, оттан, судан қорықпайды, ешкімнен жеңілмейді екен. Бәрі де күн шуағын, күннің көзін зерттеумен айналысыпты. …

ҒАЛАМШАРЛАР ШЕРУІ Read More »

КӨРЕГЕН АТА

Өмірхан РИЗАБЕК, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 4-сынып оқушысы. Ерте, ерте, ертеде кең далада бір тамаша ұлттың адамдары өздерінің қонысын қондырыпты. Бұл елдің адамдары татулықты, бірлікті, сыйластықты ұнатады екен. Осы ұлттан туған балалар өте кішіпейіл, еңбексүйгіш және ақылды болып дүниеге келеді екен. Елдің табиғаты өте көркем, жері байлыққа толы болыпты. Бұл елге келген қонақтардың көзі …

КӨРЕГЕН АТА Read More »

БАБЕНКО ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Әлем кубогының қорытындысы бойынша конькимен сырғанаушы Дмитрий Бабенко 2014 жылғы Олимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алды. Әлем кубогының финалы Голландияның Херенвейн қаласында өтті. Дмитрий денсаулық жағдайына байланысты 5000 метр қашықтыққа қатыспаса да, жалпы рейтингтің 14-ші сатысынан көрінді. Оған Әлем кубогының бұдан бұрынғы кезеңдерінде жинаған ұпайы көмектесті. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

ЖАСӨСПІРІМДЕР СЕМСЕР АЙҚАСТЫРДЫ

Алматы қаласында жасөспірімдер арасында семсерлесуден өткен ел біріншілігінде өңірлік құрама жақсы нәтиже көрсетті.   Сонымен біріншіліктің қорытындысына көз жүгіртсек, жасөспірімдер арасында Вадим Лысенко қырық спортшының ішінде екінші нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ облыстық ерлер құрамасы жалпыкомандалық екінші орынды жеңіп алды. Жартылай финалда алматылықтардан 45:40 есебімен басым түскен олар ақтық ойындарда астаналықтардан 45:42 есебімен ұтылды. Кадеттер арасында …

ЖАСӨСПІРІМДЕР СЕМСЕР АЙҚАСТЫРДЫ Read More »

ӨҢІРЛІК ҚҰРАМА ҮЗДІК АТАНДЫ

Петропавлда суда жүзуден ел біріншілігі аяқталды. Үш күнге жалғасқан республикалық чемпионатқа 25 команда, 380 жасөспірім қатысты.   Көпсайыстың қорытындысы бойынша өңірлік құрама жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырына көтерілді. Омбы командасы – екінші, ал алматылықтар үшінші орынды еншіледі. Жарыстан үздік шыққандар сәуір айында Астана қаласында ел біріншілігінің 2-кезеңіне жолдама алмақ.

“ИНСТИТУТ БАРЫСЫ” АНЫҚТАЛДЫ

Петропавл қаласындағы Әскери институттың құрылғанына 16 жыл толуына орай “Институт барысы” турнирі өтті.   Аталған жүлдені жеңіп алу үшін ортаға 30-ға жуық балуан шықты. Олардың арасында 2-ші оқу батальонының курсанты Қуаныш Бейсенәлиев “Институт барысы” атанды. Турнир соңында үздік балуандар медальмен және кубокпен марапатталды.

НАУРЫЗ НҰРЫ СЕБЕЛЕП…

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Наурыз мейрамына арналған “Нұр себеле, ұлыстың Ұлы күні!” атты әдеби кеш өтті. Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі шараны өткізудегі басты мақсат оқырмандарды төл мерекеміздің тарихымен және қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру болатын. Сол себепті ата-әжелер, студенттер, мектеп оқушылары мен мұғалімдер бұл күні өздеріне рухани нәр алып қайтты. Қазақ халқы …

НАУРЫЗ НҰРЫ СЕБЕЛЕП… Read More »