«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАС ҚАЛА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Асық ойынының бір түрі – “Тас қала” деп аталады. Ойынға қатысушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Содан соң асық тігілген жерден ойынға қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе, ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы – бірінші, тәйке – екінші, бүк – үшінші, шік – төртінші.

Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда сақалар қайта иіріледі.

Атушы “Тас қалаға” сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы “Тас қаланы” бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып “Тас қаланы” қайта тұрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып, бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді. Қалған ойыншылар бұзылған “Тас қаланың” бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң ойын қайта басталады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp