«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРЛЫҚ КЕДЕРГІНІ ЕҢСЕРЕТІН КҮШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Раиса СОЛОПОВА,

“Радзіма” белорус мәдени орталығының төрайымы.

Әлемнің ешбір мемлекетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) сынды қоғамдық институт жоқ. Елдің тарихында маңызды рөлі бар ҚХА – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтайтын және қамтамасыз ететін тетік. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін Ресей, Қытай, АҚШ, Франция сияқты көптеген шетел мемлекеттері зерттеуде. Еліміз әлем мемлекеттерімен өзінің ұлттық саясаттың стратегиясымен, саяси тұрақтылықты, қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтудағы тәжірибелерімен бөлісуде. Мемлекетіміздің саясаты халықтың рухани-адамгершілік құндылығын сақтау мен байытуға бағытталған.

Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностардың тілі мен мәдениетін сақтау үшін мемлекет этно-мәдени бірлестіктердің жұмыс істеуі мен дамуына барлық жағдай жасауда. Бүгінде облыс орталығындағы Достық үйінде 22 этномәдени орталық бар.

 

2003 жылдың қыркүйек айында “Радзіма” белорус мәдениеті орталығы” қоғамдық бірлестігі құрылды. Орталық өңіріміздегі белорустердің басын қосып, ана тіліміздің, мәдени салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, ұлттық сана-сезімімізді нығайтуды, этносаралық бірлікті, бейбітшілікті, достықты сақтауды мақсат тұтады.

Мәдени орталық облыстық ассамблея өткізетін шараларға белсене қатысады. Қараша айында дәстүрлі түрде белорус мәдениеті фестивалі өтеді.

Мерекелерге, кездесулерге, концерттерге белорустердің тарихы мен мәдениеті қымбат және қызғылықты болып табылатындардың барлығы қатысады. Тарихи Отанымызбен байланыс орнатылған. Орталықтың Минскіден алатын “Голас Радзімы” газеті оқырмандарын Беларусь Республикасында болып жатқан жаңалықтармен, оқиғалармен таныстырады. Аталмыш газет шетелде тұратын отандастар үшін арнайы шығарылады.

Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы қашықтық 3 мың километрдей болса да, бізді Кеден одағы – бірыңғай экономикалық кеңістік бір-бірімізге жақындата түсті.

Шығыстың: “Бес саусақ жұмылса – жұдырық” деген нақыл сөзі бар.

Ортақ экономика мен мәдениетті құра отырып, біз – еліміздің барлық этностары ортақ болашағымызға ұмтылған Қазақстанның біртұтас халқымыз. Біз Ұлт Көшбасшысы, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қуатты, гүлденген Қазақстанды құратынымызға сенімдіміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp