«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҒЫМЫЗ – БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Татулық, достық, келісім – қысқа да болса мағынасы ауқымды ұғымдар. Бұларға қол жеткізу оңай емес. Әлі есімізде: өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басы – республика Тәуелсіздік алып, ауыр кезеңді өткерген шақ. Экономикалық тоқырау, энергетикалық дағдарыс, ақшасыздық. Еңбекақы макарон, арақ күйінде төленсе, зейнетақы мүлдем берілмеген айлар болды.  

Валерий ЕВДОКИМЕНКО.

Бұрынғы Одақтың барлық шекарасында қан төгілді: Сумгаитте, Карабахта Балтық жағалауында және тағы басқалары. Ал Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлтаралық дүрдараздық болмаған ТМД-дағы жалғыз мемлекет еді. Өтпелі кезеңдегі бұл жетістігіміз бүкіл Қазақстанды топтастырып, оның күш-жігерін жасампаздық арнаға бұрған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында мүмкін болды.

 

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы 1995 жылдың 1 ақпанында құрылды. Аталмыш қоғамдық институттың ғасырлар бойы Ресей өңірлерімен шектесіп жатқан дәл осы жерде құрылуы маңызды еді. Ең қауіпті мәселе – ұлтаралық қатынас митингілердегі дауда-майда ашық көрінді.

Бүгін бірлік бесігі – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық ассамблеяның бастауында кімдер тұрғанын атап өткім келеді.

Олар мыналар: Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші сессиясында біздің облыстың атынан барған “Қазақ тілі” қоғамының облыстық филиалынан – Қ.Омаров, “Лад” славян мәдениеті қоғамынан – В.Кардашов, кәріс мәдениеті орталығынан – Ф.Сим, неміс мәдениеті орталығынан – Э.Шутяев, әзірбайжан мәдениеті орталығынан – К.Гусейнов, татар-башқұрт мәдениеті орталығынан – Р.Бикмухаметова.

Бұдан кейінгі жылдарда өз диаспораларының дамуына “Видергебурт” неміс мәдениеті орталығының төрағасы В.Гартман, армян мәдениеті орталығының төрағасы Р. Аракелов, “Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы П.Дмитриенко, “Лад” славян мәдениеті қоғамының төрағасы А.Курленя, еврей мәдениеті орталығының төрағасы М. Виткин, корей мәдениеті орталығының төрағасы Е.Хан көп еңбек етті. Бұл жерде облыстағы этносаралық келісімді сақтау үшін өз үлесін қосқандардың барлығының есімдерін атап өту мүмкін емес.

Облыстың аудандарында, ауылдық округтерінде этномәдени бірлестіктерді құруға зор мән берілді. Бұл бағытта Тимирязев, Айыртау, Қызылжар, Жамбыл, Ақжар, Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда атқарылған жұмыстарды атап өтер едім. Тимирязев пен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда әр ауылдық округте сапалы жұмыс істеп жатқан этномәдени орталықтар ашылды. Ал Жамбыл ауданының тәжірибесін біз өзгелерге үлгі етеміз.

Сондай-ақ облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі қызметін 10 жыл бойы басқарған В.Маслаковтың елеулі еңбегін атап өткен жөн.

Өңіріміздегі түрлі этностардың мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтау мен насихаттау, қоғамды топтастыру, азаматтық бейбітшілік пен дәстүрлі достықты нығайту жұмысы жалғасуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp