«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРЕГЕН АТА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өмірхан РИЗАБЕК,

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 4-сынып оқушысы.

Ерте, ерте, ертеде кең далада бір тамаша ұлттың адамдары өздерінің қонысын қондырыпты. Бұл елдің адамдары татулықты, бірлікті, сыйластықты ұнатады екен. Осы ұлттан туған балалар өте кішіпейіл, еңбексүйгіш және ақылды болып дүниеге келеді екен. Елдің табиғаты өте көркем, жері байлыққа толы болыпты. Бұл елге келген қонақтардың көзі алқызыл гүлге оранған даласына, қалың қарағайлы, шыршалы орманына, көгілдір шыңды таулары мен сарқырай аққан өзендеріне қараудан, қызығудан еш уақытта да жалықпапты. Жері құнарлы – өз халқын да, өзге елдердің халқын да пұт-пұт астығымен асырайды. Мыңғырған малы, өнерлі, көркем ұл-қыздары бар ел өте ауқатты өмір сүріпті. Елде ақылды, көреген қариялары да аз емес екен.

Сол елдегі көреген бір қарт ата алыстағы, болашақтағы уақытты болжап, болашағын айтып береді екен. Сол атаның айтуынша, осы елде XX ғасырда дүниеге бір ұл келеді. Ол керемет ақылды болып, елін жоғары көтереді. Елді өзі басқаратын болады. Ол басқарған елдің тұрмысы бұрынғысынан да тамаша болып, жер бетінде қанша ел болса, солардың ішіндегі алдыңғы елдердің бірі болады. Елінің елдік белгілері бекітіліп, халқының бірлігі нығая түседі. Жастары оқыған, өндірісі дамыған, тілі сақталған тамаша ел болады. Өзге елдер туындаған қиындықтардан қалай шығамыз деп жатса, бұл елдің жаңағы басқарушы ұлы жасампаздығын жариялап, болашағының қазығы нығыз мықты болуы үшін бағыт-бағдар белгілеп беріп отырады. Оған басқа елдер таңданатын болады деген екен. Қалай ойлайсың, досым, бұл ертегіде қандай ел туралы айтылып отыр?

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp