«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МАҚСАТ” ОРТАЛЫҒЫНА – 25 ЖЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арайлым СМАҒҰЛОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұрнағы күні Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Мақсат” қазақ ұлттық-мәдени орталығы 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға Сақып Құсайынованың жетекшілігімен ұлттық құндылықты насихаттап жүрген орталыққа құрметпен қарайтын қауым жиналды.

Мерейтой иесін аудан әкімінің атынан құттықтаған оның орынбасары Мара Жұмабаева “Мақсат” қазақ ұлттық-мәдени орталығының атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқтала келе, зор алғысын білдірді. Аталмыш орталықтың жұмысын жандандыру үшін талай жыл еңбек етіп жүрген қоғамдық белсенділерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

 

Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын қастерлеу арқылы бүгініміз бен келешегіміздің игілігіне айналдырып отырған “Мақсат” орталығын мерейтойларымен ауданның, облыстың зиялы қауым өкілдері де құттықтай келді. Олардың қатарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хабиболла Жақсылықов, педагогикалық еңбек ардагері Тамара Поддубная, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының өкілдері мен С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының директоры Қуандық Қасымов бар.

Ән-жырмен астастырылған жиын барысында “Мақсат” қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Сақып Құсайынова қоғамдық бірлестіктің жұмысын жандандыруға елеулі үлес қосқан Ботагөз Жағыпароваға шапан жауып, осындай жандардың бірі – марқұм ақын Манап Ысқақованы да рухына тағзым ете еске алды.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp