«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАУРЫЗ ҚАРЫ БОРАП ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

11-14 наурыз аралығында облыста 5 қар кептелісі оқиғасы орын алып, 100-ден астам жолаушысы бар 28 автокөлік қар құрсауынан құтқарылды.

Есіл ауданының “Корнеевка-Покровка” автожолында 25 жолаушысы бар “ПАЗ” автобусын қалың қардан шұғыл әрекет ету жасағы шығарып алды.

М.Жұмабаев ауданындағы “Советское-Булаево” автожолында 20 жеңіл көлік 38 жолаушымен қар құрсауында қалды. Жүргізушілерге көмекке келген ауданның өрт сөндіру қызметкерлері мен ауыл әкімдіктері қажетті техниканы жұмылдырып, жолаушыларды қар құрсауынан құтқарған.

17 наурыз күні сағат 21.44-те “112” кезекші пультіне 27 жастағы азамат хабарласып, өзінің Жамбыл ауданының Пресновка ауылынан Казанка елді мекеніне бара жатқанда адасып кеткендігін хабарлаған. Жігіт жеңіл киінген екен. Белгілі болғанындай, Ақмола облысының ІІ топ мүгедегі Казанкадағы тәтесінің үйіне қонаққа бара жатқан. Ауданның өрт сөндіру қызметкерлері мен ауыл әкімдіктері бірлесе іздеу шараларын жүргізу барысында сағат 23.20-да жігітті тауып, аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Ауруханаға жатып, емделуден бас тартқан азамат Жамбыл ауданының Пресновка ауылында тұратын туысқандарының үйіне кетті.

Наурыздың 18-і күні Қызылжар ауданының темір жолында төтенше жағдай орын алды. “Ташкент-Екатеринбург” бағытында келе жатқан №315 пойыз 29 жастағы азаматты соғып кетті. Алған дене жарақаттарынан жігіт көз жұмды.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp