«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАУРЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ.  

Сен ортақ дастарқансың

бәрімізге,

Татырған сары уыздың

нәрін бізге.

Наурыз, сен көктемдегі

үмітіміз,

Жарылқар берекеміз

сары күзде.

 

Наурыз – ол емес әсте

дырду-думан,

Киік емес қиқулап бір

күн туған.

Ол – қыздың кісілікпен

көшеленіп,

Рухани есеюі ұлдың туған.

Наурыз – ол ұсақтықтан

арылуың,

Халықтың бірлігінің

мығымдығы.

Күдіктің безбеніне

тартылмайтын,

Қазақы Ата дәстүр

ұлылығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp