«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАЛАМШАРЛАР ШЕРУІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шыңғысхан СЕРҒАЗИНОВ,  

№17 ұлттық өркендеу орта

мектеп-кешенінің 2-сынып оқушысы.

Ерте, ерте, ертеде үлкен, әдемі, ғажайып, керемет “Сәбилер әлемі” аталатын қала болыпты. Сол қалада көптеген ақылды, сауатты, білгіш, өнерпаз, еңбексүйгіш, адамгершілігі көп, бір-біріне көмектесуге дайын балалар тұрыпты. Олар суықтан, аяздан, ыстықтан, оттан, судан қорықпайды, ешкімнен жеңілмейді екен. Бәрі де күн шуағын, күннің көзін зерттеумен айналысыпты. Оқу бітіріп, жан-жаққа жұмысқа кетіпті. Күндердің күнінде патша жан-жаққа хабарлама жіберіпті: “Наурыз айының 21-і күні ғаламшарлар шеруі өтеді. Кездесуге шақырамын, көптеген сыйлықтар болады”. Бұл хабарламаны естіп көп халық және “Сәбилер әлемі” қаласында оқығандар жиналады.

Ең бірінші сөзді ұзын бойлы жігіт бастайды: “Мен балалық кезімнен ғаламшарларды зерттеймін. Бүгінгі күні мен Күннің көзінен 778 млн. шақырым жерде орналастым. Ешкімге жамандық жасауға жол бермеймін”, – деп сөзін аяқтайды. Патша оны тыңдап: “Сен дәу және ақылды екенсің, сенің атың Юпитер болады”, дейді. Екінші алыстан келген жігіт сөйлейді: “Мен де балалық кезімнен ғаламшарларды зерттеймін. Бүгінгі күні мен Күннің көзінен 1,4 млрд. шақырым жерде орналастым. Бәрін сауатты, білімді болуға шақырамын”, деп сөзін аяқтайды. Патша оны тыңдап: “Сен барлық әлемнің болашағын ойлайсың, сенің атың Сатурн болады” дейді. Патша басқа жиналғандарға да Меркурий, Жер, Марс, Уран, Плутон, Венера, Нептун деп ат қояды. Осылайша, наурыз айының 21-і күні тартымды, қызықты, тамаша ғаламшарлар шеруі өтті. Мен де сол шеруге қатыстым, менің есіміммен болашақта бір ғаламшар аталатын болды деп ойладым, себебі, мен есейгенде ғарышты, ғаламшарларды зерттегім келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp