СҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде сыбайлас жемқорлыққа және “көлеңкелі экономикаға” қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Онда Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы “Атамекен Одағы” ЗТБ СҚО бойынша директоры Елена Виссарова, “Жас Отан” жастар қанаты СҚФ атқарушы хатшысы Самат Жәкенов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықпен күресудің тәсілдері мен әдістерін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Ал азаматтық қоғам өкілдері өздерінің өзекті мәселелерімен бөлісіп, мемлекеттік сатып алу, энергетика, құрылыс, балаларды тамақтандыру сынды түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты.
СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.