«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДЕПТІЛІК – ӘДЕМІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ.

 

Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.

Жүріп келе жатқан адам – отырған адамға, атты адам – жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.

Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.

Мешітке, үйге “Ассалаумағаләйкүм!” деп кіру керек, кешке “Кеш жарық!” деп кірген абзал.

Үйге кісі келсе, орныңнан тұрып, жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар.

Көшеде, жолда жатқан шыны, темір болса, алып таста.

Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.

Тамақ жеп отырып сөйлеме.

Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағыға қол созба.

Дастарқан үстінде дұрыс отыр, әдепті сөйле.

Сұйық тамақты сораптамай іш.

Үйде, дастарқанда адамдар жасына қарай үлкендер – төрде, жастар төмен қарай отырады.

Аш болсаң да, тоқ болсаң да, Құдайыңды ұмытпа.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp