Петропавлда суда жүзуден ел біріншілігі аяқталды. Үш күнге жалғасқан республикалық чемпионатқа 25 команда, 380 жасөспірім қатысты.
Көпсайыстың қорытындысы бойынша өңірлік құрама жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырына көтерілді. Омбы командасы – екінші, ал алматылықтар үшінші орынды еншіледі. Жарыстан үздік шыққандар сәуір айында Астана қаласында ел біріншілігінің 2-кезеңіне жолдама алмақ.