«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

BIRZHATRUDA. KZ WEB- ПОРТАЛЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бастығы Виктор Молодовскийге шығысқазақстандық әріптесі Жасұлан Сәрсембаевтан өздеріндегі birzhatruda. kz web-порталын бірлесе қолдану туралы ұсыныс келіп түсті.

Данияр ҚАПЕЗОВ,

облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бас маманы.

“Труд.каз” атты жастардың электрондық еңбек биржасы жұмыс беруші мен жас мамандардың бас қосатын орнына айналғандай. Күн сайын жүздеген компаниялар бос орындарға жоғары білімді мамандармен қатар, қарапайым сауатты мамандарды іздесе, мыңдаған азаматтар өздеріне лайықты жұмыс іздеумен уақыттарын зая кетіреді. Бұл мәселені шешуде порталдың маңызы зор. Бүгінде солтүстікқазақстандық жастар үшін электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс табу қолжетімді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, веб-порталдың басты мақсаты – жас жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін қарапайым, бірақ қуатты да функционалды әдіс-тәсіл жасап шығару. Портал жүйе әкімшілігімен тікелей байланысты қамтамасыз етіп, заңгер, экономист және психологтермен кері байланысты орнатады. Сонымен қатар, жүйеде бос орындар, базаға тіркелген жұмыссыз азаматтар мен веб-портал арқылы жұмысқа тұрғандардың санын қарау мүмкіндігі қарастырылған.

2013 жылдың 12 наурызынан бастап солтүстікқазақстандық жастар үшін Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша тіркелген бос орындар тізімі жарияланып отыр. Мемлекетіміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша салынып жатқан объектілері туралы хабардар болып, жақын арадағы 5 жылда қандай мамандықтар жоғары сұранысқа ие болатындығын да дәл осы портал арқылы көріп-білуіңізге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp