«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлы мереке – Наурыз мейрамы құтты болсын!  

Сан ғасырлардан бері заманалар мен ұрпақтардың үзілмес жалғастығын сіңірген ежелгі мереке бұл. Шығыста ол көктемгі күн мен түннің теңелуінің, жаңарудың және тіршілік атаулының оянуының белгісі болып саналады.

Наурыз мейрамы Тәуелсіздік жылдарында ұлттық ерекшеліктеріне және діни нанымдарына қарамастан, бүкіл қазақстандықтарға бірдей қымбат шынайы жалпыхалықтық мерекеге айналды.

Бұл – жалпыадамзаттық құндылықтарды орнықтыру, достық пен өзара түсіністікті нығайту, ежелгі дәстүрлерді жаңғырту, табиғат пен адамның үйлесімділігінің мерекесі. Бұл күні бұрыннан бір-біріне ренжіскендердің кешірім сұрауы, төңірекке қуаныш пен ізгілік сыйлау құба-құп болып табылады.

 

Ел Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздегі бірлікті, тұрақтылықты және татулықты қамтамасыз етудегі Наурыз мейрамының ұлы мақсатын бірнеше рет атап көрсетті. “Қазақстан – бірегей ел. Біздің қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады”, – деп атап көрсетілді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында. Және де бүгінгі таңда бұл сөзді уақыт растап отыр. Әлемдік қоғамдастық республикамызды заңды түрде дінаралық және ұлтаралық келісімнің үлгісі ретінде таниды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері астанамызды Еуразия құрлығындағы өркениеттер үнқатысуының шынайы орталығына айналдырды.

Астананың “ЭКСПО – 2017” бүкілдүниежүзілік көрмесі өткізілетін қала ретінде таңдалуы еліміздің жоғары халықаралық беделінің тағы бір куәсі болып табылады. Бұл біздің ортақ жеңісіміз және ұланғайыр жетістігіміз.

Қымбатты жерлестер!

Наурызды халқымыз ежелден Жаңа жыл басына, күннің жылынуы және адамдардың жарқын болашаққа үмітінің бастауына балаған. Сондықтан ол алдымыздағы жаңа болашағымыз бен міндеттеріміздің есігін айқара ашады. Бүгінгі таңда біз еліміздің ілгері басуының және өркендеуінің жаңа кезеңінің табалдырығында тұрмыз. Мемлекет басшысы қабылдаған Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы әрбір отбасының, әрбір солтүстікқазақстандықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған біздің алдағы істеріміздің бағыттарын айқындайтын аса маңызды бағдарымызға айналады.

Ұлы мереке – Наурыз мейрамы жаңа биіктерге және жетістіктерге қол жеткізуде баршамызды топтастырады және жігерлендіреді деп сенемін. Баршамыз бірлескенде ғана басты байлығымыз және игілігіміз – татулықты, бірлік пен келісімді сақтай және еселей аламыз.

Қымбатты жерлестер! Сіздерді осы бір тамаша мерекемен шын пейілден құттықтаймын! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, жақсылық және амандық-саулық тілеймін!

Наурыз мейрамы әрбір шаңырақты татулыққа, тыныштыққа бөлеп, көркейте берсін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp