«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – РИЗАБЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Азамат ШӘРІПОВ,

“Нұр Отан” ХДП аудандық филиалы жанындағы “Жас Отан” ЖҚ атқарушы хатшысы, спорт бойынша бас маман.

“Нұр Отан” ХДП қызметіндегі басты бағыттардың бірі – саламатты өмір салтын қалыптастырып, дене шынықтыру мен спортты дамыту. Осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында партия “Қазақстан барысы” республикалық турнирін бірге ұйымдастырушы ретінде қатысты. Наурыз айы бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінде қазақ күресі бойынша аудандық іріктеу турнирлері өтуде. “Қызылжар барысы” турнирінің екінші кезеңі біздің ауданда Ұлыстың ұлы күні аудандық Мәдениет үйінде өткізілді.

 

Бұл сайыста ауданның Қарақоға, Лебяжье, Совет ауылдық округтері мен Булаево қаласының спортшылары күш сынасты. Турнирді “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Қазанов ашты. Одан әрі бас төреші Нұржан Исмаилов күреске қатысушыларды турнирдің регламентімен таныстырды.

15-17 жас аралығындағы топта – 8, 18 жас және одан жоғары топта 9 балуан боз кілемде белдесті. Сонымен алғашқы 15 пен 17 жас аралығындағы топта үшінші орынды Қарақоға ауылдық округінен келген Еламан Шежрин мен Алтынбек Нағметтолла, екінші орынды Булаево қаласының балуаны Алмаз Мұқышев иеленсе, осы жас аралығында қарақоғалық Руслан Жұмабек чемпион атанды.

Келесі 18 жас және одан жоғары топта Лебяжье ауылдық округінің намысын қорғаған Аман-гелді Бәкіров пен Булаево қаласының балуаны Сағидолла Науанов үшінші орынды иеленсе, аудандық “Қызылжар барысы” турнирінің атағына қарақоғалық Сағынтай Майлашев пен булаевтық Ризабек Үкенов таласты. Бір айта кететіні, бұл екі балуан – күрес бойынша бірнеше дүркін облыстық чемпионаттардың жеңімпаздары. сы Окүні Сағынтай мен Ризабек аудандық сайыстың көрігін қыздырып, “күш атасын танымас” деген нақылдың бекер айтылмағандығына залға жиналған көрермендердің көзін тағы бір жеткізді. Соңғы белдесуден соң 2:3 есебімен аудандық “Қызылжар барысы” турнирінің жеңіс тұғырына Ризабек Үкенов көтерілді.

Турнир жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Аудандық “Қызылжар барысы” турниріне “Рика KZ” ЖШС директоры Қанат Баймұратов, “Ноғайбай” ЖШС директоры Алтынбек Сапаров, “Каиров” ШҚ басшысы Жәлел Қаиров демеушілік жасады.

 

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp