Облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес және де заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің негізінде 2012 жылы 250 нысан бақылаумен қамтылып (соның ішінде 219-ы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар), жалпы 17 374,7 млн. теңгенің заң бұзушылықтары анықталды.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда анықталған заң бұзушылықтардың сомасы – 14 631,2 млн. теңге (2011 жылы – 7 774,7 млн. теңге), соның ішінде 55% немесе 7 987,2 млн. теңге қаржылық тәртіп бұзушылықтар; 28% немесе 4 157,4 млн. теңге – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті құрастырудағы заң бұзушылықтар; 9%-ы немесе 1 280,3 млн. теңге – мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар; 8% немесе 1 206,3 млн. теңге – бюджеттік процедура тәртібін және бухгалтерлік есепті жүргізу бұзушылықтары.
Облыс бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдарда анықталған заң бұзушылықтардың жалпы сомасынан 400,3 млн. теңге қалпына келтіруге жатады, есепті мерзімде қолданылған шаралар нәтижесінде оның 337,6 млн. теңгесі немесе 84% өтелді, сонымен қатар 13,4 млн. теңге бюджет кірісіне аударылды.
Облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері және олардың бағынысындағы ұйымдар шеңберінде төмендегідей заң бұзушылықтар анықталды: Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында – 3 663,3 млн. теңге (25%); аудандардың және Петропавл қаласының құрылыс бөлімдерінде – 2 898,4 млн. теңге (19,8%); Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында – 2 473,3 млн. теңге (16,9%); Қаржы басқармасында – 1 087,9 млн. теңге (7,4%); Білім басқармасында – 976,2 млн. теңге (6,7%); Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында – 768,1 млн. теңге (5,3%); аудандардың және Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде – 682,8 млн. теңге (4,7%); аудандардың және Петропавл қаласының білім бөлімдерінде – 535,2 млн. теңге (3,7%); аудандардың білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінде – 258,6 млн. теңге (1,8%); Денсаулық сақтау басқармасында – 257 млн. теңге (1,8%); Құрылыс басқармасында – 200,6 млн. теңге (1,4%); аудандардың және Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде – 188,4 млн. теңге (1,3%); Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында – 84,9 млн. теңге (0,6%); аудандардың ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында – 64,6 млн. теңге (0,4%); Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында – 63,2 млн. теңге (0,4%).
Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 12,2 млн. теңге айыппұл салу туралы 57 қаулы шығарылды (соның ішінде 39-ы – заңды және көпшілікке мүдделі ұйымдардың лауазымды тұлғаларына), оның ішінде бүгінгі күнге бюджет кірісіне 8,1 млн. теңге немесе 66%-ы өтелді.
Есепті мерзімде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бақылау нысанының 384 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 4-еуі – сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жібергені үшін.
Инспекция сот органдарына заңды бұза отырып пайдаланылған бюджет қаржысын өтеу, мемлекеттік сатып алу қорытындыларын заңсыз және мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың күші жоқ деп тану туралы 17 өтінім берді, бүгінгі күнде олардың 4-еуі – қанағаттандырылды, 13-і – өндіріс деңгейінде.
Құқық қорғау органдарына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын нысандардың 6 524,7 млн. теңге сомада 81 бақылау материалы жіберілді.
Бюджеттік қаражат пен мемлекеттің активтерін пайдалануда анықталған заң бұзушылықтар уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарлама әкімгерлері және тікелей ұйымдардың басшылары тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді, ал жекелеген жағдайларда заң бұзушылықтардың себебі қолданыстағы заңнамаларды жеткіліксіз білу болып табылған. Бұл бағытта инспекция мемлекеттік бюджет қаражаты мен мемлекеттің активтерін пайдалануда қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты жұмыс атқарады. Өткен жылы инспекция бюджеттік заңнама және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларды түсіндіру бойынша 20 “дөңгелек үстел” өткізді және де тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында бақылау қорытындылары жарияланып тұрады.
Облыстық қаржылық бақылау инспекциясы.