«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛАН КӘСІПКЕРЛІГІН КЕҢЕЙТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму – көмек” бағдарламасы шеңберінде Наурыз мерекесі қарсаңында жас кәсіпкер Ерлан Қасеновке қолдау көрсетілді. Бұл жанашырлық ниет кәсіпкердің іскерлігін дамытуға жаңа серпін берді.

Ерлан Қасенов – бала күнінен екінші топтағы мүгедек. Мүмкіндігі шектеулі жігіт 2011 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің радиоэлектроника факультетін тамамдаған. Өмірге құштар жан үй жағдайында жұртшылыққа компьютерлік фото жасау қызметін көрсетеді.

“Даму – көмек” бағдарламасының жүзеге асырылып жатқандығынан құлағдар болған ол “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы арқылы өз өтінішін білдіргенді. Нәтижесінде кәсіпкер көп функционалды құрылғыға қол жеткізді. Ол енді өз ісін одан әрі кеңейтуге бел буған.

– Маған көмек қолын созған компанияға алғысым зор. Бұл – шағын бизнеске жасалған үлкен қолдау, – дейді Ерлан.

Ал Ерлан Қасеновке қолдау көрсеткен астық өсіру және ұн өнімдерін өндірумен айналысатын “Егін” ЖШС-і болатын. Бұл компанияға “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ы да өз ризашылығын білдіріп, оған Алғыс хат табыс етті.

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның

өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp