«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАУРЫЗ КЕЛДІ ҚУАНТЫП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әсем ҚҰРМАНҚҰЛОВА,  

“Айгөлек” бөбекжай-бақшасының мұғалімі.

 

“Айгөлек” бөбекжай-бақшасында өткен Наурыз мейрамына естиярлар, ересектер және мектеп-алды даярлық тобының балалары қатысты. Қазақтың ұлттық киімін киген бүлдіршіндер “Наурыз” әнінің әуенімен залға кіріп, бағдарламаларын тамаша бимен бастады. Мереке барысында естиярлар тобының бүлдіршіндері Наурыз мейрамы туралы үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақтар айтып, ән шырқады.

Қонаққа Қызыр ата келіп, қонақтарды, балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады. Ол құр қол келмей, балаларға жұмбақтар жасырып, қазақтың ұлттық ойындары “Қыз қуу”, “Ақ сандық, көк сандық” ойындарын ойнатты. Балалар қызыға ойнап, Наурыз мейрамынан біраз жақсы, тартымды әсер алды.

Сонымен қатар, балалар да, үлкендер де балаша қуанатын рәсім “Шашуды” қонаққа келген әжеміз шашты. Жеті түрлі тағам салып жасалған наурызкөжеден дәм татқызды. “Батамен ел көгерер” демекші, әжеміз ақ батасын беріп, бүлдіршіндеріміз қол жайды. Ұжымның, балалардың ұйымшылдығымен ертеңгілігіміз өте жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын.

Ұлыстың ұлы күнінің тәрбиелік мәні әрқашан да биік. Келер Наурызға басымыз бүтін, деніміз сау, тоқшылықпен жетейік деген игі тілекпен ертеңгілігімізді аяқтадық.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp